14 қыркүйек 2018 09:06

Қарағанды облысында жарылған жол 11 миллиардқа жасалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысындағы жарылып, жүруге қолайсыз болып қаған жол қабатының құны 11 миллиард теңге, - деп хабарлайды  Тengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 


Қарағанды облысындағы жарылып, жүруге қолайсыз болып қаған жол қабатының құны 11 миллиард теңге, - деп хабарлайды  Тengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Мердігерлер бұл жағдайды нонсенс деп атап, басқа өңірлерде дәл солай жұмыс істегенін, алайда барлығы дұрыс болғанын мәлімдеп отыр. 

Телеарнаның хабарлауынша, жол бетіне төселген бетон қабаты жарылып, жұмыс тұралап қалған. Қала арасындағы алты жолақты 16 шақырымдық жолды құрылысшылар екі жыл бойы салған. Құрылысқа 11 миллиард қаражат бөлінген. Енді жарылған жол бетін қайта алып, жаңадан салуы керек екен. 

Алдымен мамандар жаңа жолдың жойылу себебін анықтап, сканер арқылы жолға құйылған бетонның құрамын анықтайды. 

Қарағанды облысында жол қабаты жарылып жатыр 

"Бастапқы жартыжылдықта жолда еш кедергі болмаған, алайда қазір жол беті жарылып жатыр. Біз не себептен жол қабаты жарылғанын анықтағымыз келеді. Болжауымызша, жарылу себептерінің бірі шахта жұмысы немесе жолдағы қозғалыс тым қарқынды болып кетті. Біз мердігерлер болғандықтан, барлығын өз қалтамыздан ақша шығарып, жасаймыз", - дейді мердігерлік ұйымның басшысы Сейделді Пакентаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети