1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қарағанды облысында су деңгейінің көтерілуіне байланысты ескерту жарияланды

Тengrinews.kz мұрағатынан Тengrinews.kz мұрағатынан

Қарағанды облысында су қауіпті деңгейге дейін көтерілу қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қарағанды облысы Шопан ауылындағы Шерубайнұра өзенінің гидрологиялық постында су қауіпті деңгейге көтеріліп жатыр. Атасу ауылындағы Жаман-Сарысу өзенінің гидрологиялық постында су әлі де қауіпті деңгейде тұр", - делінген хабарламада. 

Шерубайнұра, Жаман-Сарысу, Сарысу өзендерінде қауіптілік деңгейі 6-7 сәуірге дейін сақталады.

Ал облыстағы бірнеше жолдар жабылды. Еріген қар суының көтерілуіне байланысты Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы және Шет республикалық маңызы бар тасжолдарында барлық көлік түрлері үшін шектеу қойлған.