Қарағанды облысында су тасқынына байланысты көпірде жарықтар пайда болды

03 Сәуір 2017, 13:48
0
Қарағанды облысында су тасқынына байланысты көпірде жарықтар пайда болды -

1 сәуірде Шет ауданы "Ақсу-Аюлы-Ағадыр" автожолындағы Жаман Сарысу өзеніндегі көпірде төтенше жағдайлар болды. Осыған байланысты бұл аумақта қозғалыс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 сәуірде Жаман Сарысу өзеніндегі көпірде қар суы деңгейінің көтерілуіне байланысты "Ақсу-Аюлы-Ағадыр" автожолының 72-73 шақырымында көпірдің тіреуін су шайып кетті. Соның салдарынан көпірдің конструкциясы қирап қалды. Осы көпір бойынша барлық көлік түрі үшін қозғалыс жабылды, белгілер қойылды. Тәулік бойы жұмыс істейтін кезекшілер бар", - деді көлік және автомобиль жолдары басқармасындағылар.

Қазіргі уақытта айналмалы жолға қажетті материалдар дайындалып жатыр. Қозғалыс республикалық маңызы бар "Ақшатау-Ағадыр-Ортау" айналмалы жолы арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Айта кетейік, соңғы үш тәулікте Қарағанды облысында бірнеше төтенше жағдай болды.

2 сәуірде Қарағанды облысында екі ағайындының жоғалып кеткені жайлы хабарланған болатын. Олардың бірі досымен бірге ірі қара малдарды іздестіруге аттанған еді. Бірақ бірде ер адам жылқылармен бірге суға кетіп қалған. Оны құтқармақшы болып артынша секірген ағасы да із-түссіз жоғалып кеткен болатын.

Cондай-ақ, осыған дейін Қарағанды облысында 14 адам отырған УАЗдың өзенге түсіп кеткені хабарланған еді. Жол апаты кезінде көлікте 14 адам отырған. Олардың ішінде кәмелетке толмаған үш бала бар. 11 адам көліктен өз бетінше шыға алған. Ал қалған үш адамды құтқарушылар іздестіріп жатыр. Кейінірек сүңгуірлер екі адамның мәйітін тапқан. Олардың кім екені әзірше белгісіз. Тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай