Қарағанды облысында тасқын қаупі әлі сейілген жоқ

07 Сәуір 2014, 19:55
0
Қарағанды облысында тасқын қаупі әлі сейілген жоқ - ©ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
©ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қарағанды облысында су тасқынының қаупі әлі де сейілген жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайлар комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша елдімекендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін екендігіне байланысты аудан әкімдеріне, гидротехникалық құрылыстардың иелеріне, ТЖ ұйымдарына нақты тапсырмалар берілді. Облыс әкімінің орынбасары Сабырғали Ыдрысовтың айтуынша, күннің күрт жылуына байланысты Көкпекті су қоймасындағы су межесінен асып, былтырғы жылмен салыстырғанда көбейіп кеткен.

Әлі де Бұқар жырау, Нұра, Шет, Қарқаралы, Абай аудандарында және Қарағанды қаласында жағдай бірқалыпты емес. 19 төтенше жағдай тіркелген. Оның екеуінде плотина жарылған, біреуінде жарылу қаупі бар екені анықталған. 14 үйді су басып қалған. Төтенше жағдайлардың алдын алу және хабарлау үшін 1100 адам, 216 техника жұмылдырылған. 

Облыс әкімі Бауыржан Әбдішев жағдайды үнемі бақылауда ұстау қажеттігіне тоқталды. "Төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары осымен аяқталды деп айтуға әлі ерте. Түрлі себептерге байланысты тасқын болуы мүмкін екенін қаперде ұстауымыз керек", - деді аймақ басшысы. Сонымен бірге облыс әкімі қала, аудан әкімдері мен тиісті органдарға нақты тапсырмалар берді.

Еске сала кектейік, 2014 жылы 31 наурызға қараған түні Көкпекті су қоймасы тасып, іргедегі ауылды топан су басқан. Осының салдарынан бес адам қайтыс болып, алты адам ауруханаға жатқызылды. Бөгеттің бұзылу дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай