07 тамыз 2017 | 16:07

Қарағанды облысында үш ауыл мен 45 көшенің атауы өзгереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© yvision.kz © yvision.kz

Биыл күзде Қарағанды облысында үш ауылдың атауы өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір әкімінің сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Биыл күзде Қарағанды облысында үш ауылдың атауы өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір әкімінің сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, Қарағанды облысының ономастикалық комиссиясының кезекті отырысында Нұр ауданындағы екі елді мекеннің және Осакаров ауданында тағы бір елді мекеннің атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, күн тәртібінде Нұр ауданында орналасқан 47 көшенің атауын өзгерту мәселесі қаралды. Комиссия 45 көшені өзгерту туралы шешіммен келісті, бірақ екі көшенің атауын сол күйі өзгеріссіз қалдырды. 

"Қазіргі уақытта Қарағанды облысының Тілдерді дамыту басқармасының ономастика бөлімінде көшелердің атауын өзгертуге қатысты жоба дайындалып жатыр. Жобаны бекітуге 1,5-2 ай уақыт керек. Осылайша, биыл күзде Нұр ауданы Щербаков ауылы Қайнар ауылы, Киевка ауылы Нұра ауылы болып, ал Осакаров ауданындағы Дальнее ауылы Аманқоңыр ауылы болып өзгертіледі. 45 көшенің атауын өзгерту жобасы жайлы айтатын болсақ, ол жоба дайын, аудандарға жіберілді", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети