Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.66
EUR / KZT - 380.00
CNY / KZT - 48.37
RUB / KZT - 5.45

Қарағанды облысының әкімі Twitter-ге тіркелді

03 Ақпан 2014, 11:59
0
Бауыржан Әбдішев. ©Karaganda-region.kz
Бауыржан Әбдішев. ©Karaganda-region.kz
Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев Twitter-ге тіркелді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазнет тұтынушыларының мәліметінше, ол - Twitter-де аукаунт ашқан тұңғыш облыс әкімі. Әбдішев ә дегенше төрт твит жазды, оны алғашқыда 210 оқырман оқи бастады. Қарағанды облысы басшысының өзі әзірше ешкімге оқырман бола қойған жоқ. 2 ақпан күні ол өзінің алғашқы твитін ресми түрде екі тілде жазды: "Қадiрлi Отандастар! Сіздермен осы желіде қауышқаныма қуаныштымын. Ортақ мүдде төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасамыз деген ойдамын". "Дорогие Земляки! Рад возможности общению с Вами в данной сети. Не сомневаюсь, что общение с вами будет полезным".

Бауыржан Әбдішев Twitter-де өңірдің 2013 жылғы экономикалық-әлеуметтік дамуын қорытындылағанын және осы жылға міндеттер белгілегенін де хабарлады. Сонымен бірге, ол өзінің даңқты жерлесі - боксшы Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады.

Tengrinews.kz Twitter-де өте белсенді шенеуніктердің жазбаларын үнемі қадағалап отырады. Олардың қатарында Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұхтар Тінікеев, Светлана Романовская, Айгүл Соловьева және басқалар бар.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай