28 қыркүйек 2019 | 09:59

Қарағанды облысының жаңа әкімі тұрғындарға үндеу жариялады

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек  өңір тұрғындарына үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аймақ басшысы Facebook желісіндегі парақшасында өз атына көптеген хаттардың түсетінін айтады

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек  өңір тұрғындарына үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аймақ басшысы Facebook желісіндегі парақшасында өз атына көптеген хаттардың түсетінін айтады

"Менің атыма сіздерден көп сұрақтар келіп түсуде. Мынау ірі, мынау ұсақ сұрақ деп бөлмеймін. Олардың барлығы маңызды. Дәл қазіргі уақытта халықты негізінен қоғамдық көлік, жолдар, тілдерді дамыту және әлеуметтік қолдау мәселелері толғандырып отырғанын көріп отырмын. Олардың көпшілігі шешілуде. Мысалы үшін, Қызылорда-Жезқазған жолын алайық. Жобалық-сметалық құжат әзірлеу келесі жылдың жазында аяқталады. Әкімдік орталық органдармен бірлесе отырып, 2020 жылдың екінші жартысында осы жолды қайта жаңартуды бастау үшін барлық шараларды қолға алуда", - деп жазды Жеңіс Қасымбек. 

Реклама
Реклама

Қарағанды облысының әкімі тұрғындардың хабарламасы арқылы көптеген мәселелердің басы ашылғанын айтады. 

"Сондай-ақ, сіздердің өтініштеріңізді зерделей отырып, ТКШ, тұрғын үй, мектептер мен ауруханалар құрылысы мәселелеріне де ерекше назар аудару қажеттігін көріп отырмын. Тағы қайталап айтамын, маған келіп түскен хабарламалар мен сұрақтардың ешқайсысы да назардан тыс қалмайды. Сәйкесінше анализ жүргізіліп, жұмыс барысында негізге алынады", - деп жазды ол. 

Айта кетейік, 2019 жылы 19 қыркүйекте Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная