1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қарағанды облысының прокуроры қызметінен босатылды

© krg.prokuror.kz © krg.prokuror.kz

Асқар Секішев Қарағанды облысының прокуроры қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сідтеме жасап. 

"Бас прокурордың 2016 жылдың 7 желтоқсанындағы бұйрығымен Секішев Асқар Асанханұлы Қарағанды облысының прокуроры қызметінен өз еркімен босатылып, Бас прокуратураның қарауына тіркелді", - делінген хабарламада. 

Заңмен бекітілген мерзімде оған заңнама талаптарына сай қызмет ұсынылатыны хабарланып отыр.