Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қарағанды зауыты "ҚазАвиаСпектр" бірінші ұшақты шығару мерзімін тағы ұзартты

20 Қыркүйек 2014, 17:02
0
Ауыл шаруашылығы ұшағы Фермер-2. ©karaganda.all.biz
Ауыл шаруашылығы ұшағы Фермер-2. ©karaganda.all.biz

 Қарағанды әуе зауыты "ҚазАвиаСпектр"  бірінші ұшақтың шығарылу мерзімін тағы ұзартады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне кәсіпорынның директоры Александр Ващенко айтты.


Бұдан бұрын Ващенко   "Фермер-2" ауыл шаруашылығы ұшағы 1 қазанда зауыттан шығарылады,- деген болатын.

"1 қазан бұл  ұшақты құрастыру барысында алдын-ала белгіленген күн. Ұшақ пайдалануға бұл мерзімнен кеш беріледі.  Мен ұшақ биылғы жылдың күзінде пайдалануға беріледі деп нақты айта аламын. Егер үлгерсек, ұшақты қазан айында жинап бітіреміз. Бірақ қай күні екенін айта алмаймын" деп түсіндірді "ҚазАвиаСпектр" әуе зауытының директоры.

Ұшақтың шығарылу мерзімінің ұзартылуына қатысты отандық өнім мемлекеттік қолдаусыз, ешқандай жеңілдетілген несиесіз құрастырылып жатқанын ескерте келе Ващенко "біз уақытты дұрыс есептемедік. Бірінші ұшақтың шығару мерзімін екі-үш аптаға шегереміз. Бұл жерде  ұшақты ешкімнің көмегінсіз өз күшімізбен құрастырып жатқанымызды ескерулеріңізді сұраймыз" деді.


Айта кету керек, ауыл шаруашылығы ұшағын зауыттан шығару мерзімі бұдан бұрын да бірнеше рет ұзартылған. Ол кезде кәсіпорын Ресейдің Қазан қаласындағы "Фирма МВЕН" серіктестігімен жасалған келісімшарттар орындалмай отырғанын алға тартқан.


Еске салайық, бұдан бұрын "ҚазАвиаСпектр" әуе зауытының Татарстандағы фирма серіктестіктері полиция қызметкерлеріне шағым түсірген. Айтуларынша, Қарағандыдағы әуе зауыты Татарстанға тиесілі "МВЕН-2 Фермер" ұшағын заңсыз ұстап отыр. Татарстандық кәсіпорын мұның нәтижесінде 2,68 миллион теңге шығын көргендерін айтуда.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай