14 қаңтар 2020 10:58

Қарағандыда 10 көшенің атауы өзгереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қарағандыда 10 көшенің атауы өзгереді, - деп хабарлайды Ekaraganda.kz порталы. 


Қарағандыда 10 көшенің атауы өзгереді, - деп хабарлайды Ekaraganda.kz порталы. 

Қарағандыда Волочаевский, Защитный, Зональный, Кривогуз, Кувский, Ленин, Олимпиада және Приканальный көшелерінің атауы өзгереді. 13 қаңтарда Достық үйінде өткен жария тыңдалым кезінде осындай шешім шығарылған. Шараға 1005 адам қатысқан. 

Волочаевский көшесі Ұлы Отан соғысының ардагері Кәміл Дүйсембековтың есімімен аталады.

Защитный көшесіне қоғам қайраткері, этнограф, фольклоршы Григорий Потаниннің есімі беріледі.

Зональный көшесіне қазақ ұлттық музыкасын зерттеуші, ҚазКСР халық әртісі Александр Затаевичтің құрметіне беріледі. 

Кривогуз көшесі енді атақты қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың атымен аталады. Қалада бұрыннан Аманжоловтың есіміне берілген көшені ендігіде Балқантау - тарихи ороним деп атайды.

Кувский көшесі ҰОС ардагері Қазыбек Нұржановтың есімімен аталады. Ал қазіргі Нұржанов көшесінің атауын Мерей деп өзгертеді.

Олимпиада көшесі Еңбек ардагері, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Нарманбет Төлеповтің есімімен аталады.

Приканальный көшесі Сарыарқа деп аталады.

Ленин көшесі Абай Құнанбаев көшесі деп аталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети