Қарағандыда әлеуметтік желі арқылы лаңкестікті насихаттаған адам сотталды

01 Қараша 2017, 15:05
0
Қарағандыда әлеуметтік желі арқылы лаңкестікті насихаттаған адам сотталды - © Ruposters
© Ruposters

Қарағандыда әлеуметтік желі арқылы лаңкестікті насихаттаған ер адам 256-бапың 2-тарауы бойынша айыпты деп танылып, мүлкінен және жеті жарым жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сотқа дейінгі тергеу органы "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде "Николай Абдумалик" логинімен тіркелген ер адамның лаңкестікті насихаттайтын материалдар жариялап отырғаны анықтаған. 

"Күдікті 2012 жылы интернет арқылы діни білім жинап, "қарулы джихадты" аталып кеткен жат ағымды концепцияға негізделген радикалды идеологияға бет бұрған", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Қарағандының Қазыбек аудандық соты ер адамды кінәлі деп таныды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай