25 шілде 2018 16:30

Қарағандыда алтыншы қабаттағы пәтерге жылан кіріп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет 1355 құқтқару қызметінен Сурет 1355 құқтқару қызметінен

Жылан Қарағандыда көпқабатты үйдегі пәтердің астан кестеңін шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Үй иелері ас бөлмесінен бауырымен жорғалаушыны тапқан. Есеңгіреп қалған қарағандылықтар құтқарушыларды шақырған. 


Жылан Қарағандыда көпқабатты үйдегі пәтердің астан кестеңін шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Үй иелері ас бөлмесінен бауырымен жорғалаушыны тапқан. Есеңгіреп қалған қарағандылықтар құтқарушыларды шақырған. 

Болған оқиға жайлы пәтер иесі әлеуметтік желіде жазды.

"Бүгін таңертең әжемінің үйіндегі ас бөлмесінің дәл ортасында жылан табылды. Ол зып етіп, пешке кіріп кетті. Қатты шошып қалдық!", - дейді әйел. 


Сурет құтқару қызметінен

Қарағандылық тұрғын құтқарушылардың тек екінші мәрте келіп қана жыланды ұстағандарын айтады. 

"Құтқару қызмет жылдам келді. Алайда жылан жоғалып кетті. Таппаған соң олар қайтып кетті. 20 минуттан соң ас бөлмесінен қайтадан дауы естідік. Жылан тоңазытқыштың асытна кіріп кетті. Құтқарушылар екінші рет келді. Оны ұстап, банкіге салып қойды. Жылан барынша тырмысып, шаққысы келді. Оның қай түрге жататынын анықтай алмадық. Зообақтағылар мұның дала улы сұр жыланы екенін айтты", - дейді Андрей Фридовский.

Соңында жылан зооқорғаушылардың қолына тиді. Олардың айтуынша бұл улы сұр жылан емес жай ғана өрнекті абжылан екенін, яғни еш қауіп төндірмейтінін айтты. 

"Біздің өңірде мұндайлар өмір сүрмейді. Ол жоғарғы қабатта тұратын пәтер иелерінің бірінің үйінен келген болуы керек. Ол қабырғамен жақсы өрмелейді. Қазіргі уақытта оның иесін іздестіріп жатырмыз. Егер табылмаса біреуге береміз. Оны сыртқа жібере салуға болмайды, себебі біздің климат оған жайсыз. Қыста суықтан қатып өлуі мүмкін немесе адамдар оның еш қауіпсіз екенін білмей ұрып өлтіруі мүмкін", - дейді еріктілер. 

Айта кетейік, құтқарушылар үйдің барлық пәтерлерін аралап шыққан, алайда жыланның иесі табылмаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети