28 желтоқсан 2015 15:55

Қарағандыда аяғын сындырып алған әйел 40 минут бойы қар үстінде жатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Рolittech.org © Рolittech.org

Қарағандыда аяғын сындырып алған әйел 40 минут бойы қар үстінде жатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда аяғын сындырып алған әйел 40 минут бойы қар үстінде жатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үйіне қайтып бара жатқан егде әйелдің жолда мұзға аяғы тайып кетіп, болған жағдайды күйеуіне әрең хабарлайды. Дегенмен кептелістен ер адам 40 минуттан соң ғана жеткен. Әйелдің айтуынша, жерде жатқан кезде жанынан 20 шақты автомобиль өтіпті, дегенмен олардың ешқайсысы көмек көрсетуге тоқтамаған.

Зейнеткердің күйеуі әйелін ауруханаға апару үшін көлікке зорға мінгізгенін айтты. Ауруханада әйелдің аяғы рентгенге түсірілді. Жарты сағаттың ішінде оған гипс кигізілді.

Айта кетейік, Қарағандыда соңғы кезде бірнеше күн қатарынан көктайғақ болып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, сүйек сынығымен медициналық бекетке 50 шақты адам келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети