18 қыркүйек 2015 14:58

Қарағандыда балаларға сутек тотығымен клизма жасағандарды қылмыстық жауапкершілік күтіп тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© zdorovieinfo.ru © zdorovieinfo.ru

Қарағандыда облыстық балалар клиникалық ауруханасы дәрігерлерінің қателігіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.


Қарағандыда облыстық балалар клиникалық ауруханасы дәрігерлерінің қателігіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Әңгіме қателікпен сутек тотығымен клизма жасаудың салдарынан зардап шеккен балалар жөнінде болып отыр. "Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне "Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби міндетін тиісінше атқармауы" бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оның жүргізілу барысын өзіміз бақылаймыз", - деді прокуратурадағылар.

Айта кетейік, қателескен мейірбикелер жұмыстан қуылды. Сонымен қатар, бөлімнің бас мейірбикесі мен бөлім меңгерушісіне тәртіптік жаза қолданылды.

Еске сала кетейік, оқиға 14 қыркүйекте болды. Балалар емханаға тексеруге барған. Оларға ішектерді тазалау тағайындалды. Клизманы жасаған мейірбикелер ерітінділерді шатастырып, қажетті сұйықтықтың орнына алты пайыздық сутек тотығын қолданыпты. Салдарынан екі сәби зардап шекті - екі жасар ұл бала мен бес жасар қыз бала. Оқиғадан кейін жансақтау бөлімінен бірақ шыққан балалардың жағдайы қазір бір қалыпты. Олар әлі ауруханада жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети