28 маусым 2014 13:14

Қарағандыда басы жұлынып кеткен жүргізушінің кім екені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ukrnews24.com сайтынан алынды Фото ukrnews24.com сайтынан алынды

Қарағандыда жол-патруль полициясынан қашамын деп ақыры апатқа ұшырап, басынан айрылған жүргізушінің кім екендігі анықталды, - деп хабарлайды "Новый вестник"


Қарағандыда жол-патруль полициясынан қашамын деп ақыры апатқа ұшырап, басынан айрылған жүргізушінің кім екендігі анықталды, - деп хабарлайды "Новый вестник"

"Полициядан қашамын деп апатқа ұшырап, басынан айрылған жүргізушінің кім екені анықталды. Қаза болған адам 46 жаста болған, ол Шахтинск қаласында тұрған. Бұл жол көлік оқиғасына байланысты тергеу алды тексеріс жүргізілуде", - деп хабарлайды журналистер. 

Төтенше оқиға сағат 10.00 шамасында Михайловка ықшамауданында болған. Жол-патруль қызметінің экипажы жылдамдығын асырған Suzuki Vitara автокөлігінің ізіне түскен. "Соңына түскен полицейлерден қашқан автокөлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жолдың жиегіне аударылған. Ер адамның басы жұлынып қалды", - деп хабарлады Қарағанды облыстық әкімшілік полиция басқармасының жол-патруль полкы кезекші бөлімінің өкілдері. Полицияның мәліметінше, автокөлік екі рет аударылған. Жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші салоннан ұшып кеткен. Ол тасқа соғылып, басынан айырылды.

Еске сала кетейік, 2012 жылы Өскеменде жаяулар жолынан өтіп бара жатқан адамды жүк көлігі қағып кеткен болатын. Көлік соққысы ер адамның басын жұлып кеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети