06 қыркүйек 2014 14:03

Қарағандыда бензин жоқ деген ақпарат жалған болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қарағандыдағы жанармай құю бекеттерінде бензин жоқ деген ақпарат жалған болып шықты. "Новый вестник" басылымы бұл ақпараттың жалған екендігін баспасөзде жария етті. 


Қарағандыдағы жанармай құю бекеттерінде бензин жоқ деген ақпарат жалған болып шықты. "Новый вестник" басылымы бұл ақпараттың жалған екендігін баспасөзде жария етті. 

"Шын мәнісінде "ҚазМұнайГаз" компаниясының жанармай құю бекеттерінде көлікке бензин құю қолма-қол ақшалай да, талон, карта арқылы да жүзеге асырылады", - делінген басылымның хабарламасында. Басылым дәйексіз материал жариялағаны үшін кешірім сұрады. 

Еске сала кетейік, 5 қыркүйек күні таңертең "Новый вестник" басылымы Қарағандыдағы жанармай құю бекеттері, тіпті талонмен де бензин бермей отырғанын жария еткен болатын. Бұл ретте басылым "ҚазМұнайГаз" бен "Гелиос" жанармай құю бекеттері бұған қатысты қандай да бір түсініктеме беруден бас тартқанын да жазған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети