08 ақпан 2019 15:01

Қарағандыда бір отбасы әкімдіктің қателігінен далада қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz фотоколлажы Tengrinews.kz фотоколлажы

Қарағанды тұрғыны сәбиімен әкімдік қызметкерлерінің қателігінен пәтерінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды тұрғыны сәбиімен әкімдік қызметкерлерінің қателігінен пәтерінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Татьяна Санкевич 2013 жылы пәтерінен айырылып қалған. Ол кезде әйелдің қолында 15 жастағы мүгедек қызы болған. 

Татьянаның қызы Екатерина ата-анасының бір бөлмелі пәтері болғанын айтады. 2000 жылы әкімдік қызметкерлері отбасында бала дүниеге келу себебінен үйді кеңейтуді ұсынған. "Олар келіскен. Осылайша бір бөлмелі пәтерді жалғызбасты әжеге беріп, оларға ескі екі бөлмелі пәтер берген. Қайтадан жаңарту керек болды: терезелері мен есіктерін жаңартып, санитарлық құрылғыларын ауыстырып, жөндеу жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар, ол үйдің қарызы болған, оны ата-анам өз қалтасынан төледі", - дейді Татьянаның қызы Екатерина. 

2004 жылға дейін отбасы уақытша жалдау шарты бойынша жаңа пәтерде тұрып, содан кейін тұрақты келісімшарт алған. 2007 жылы отбасының әкесі өз кіреберісінде жауыздықпен өлтірілген. 

"Ол кезде мен тоғызда едім. Денсаулығым нашар болатын, бірақ анам барын салып, қамқор болды. Ал 2013 жылы пәтер иесінің бұрынғы мұрагері жарияланды. Ол бізді сотқа берді. Тыңдауларда осы уақыт ішінде оның қайтыс болған әкесі бізге пәтерді жалға берді деп мәлімдеген, бірақ шындыққа жанаспайды. Біздің тарапымызды әкімдік өкілдері қолдады. Бірінші сатыдағы сотта біз жеңдік, бірақ облыстық және жоғарғы сотта ол жеңіске жетті. Әкімдік өкілдері уақытылы пәтерді заңды түрде рәсімдемеген", - деді Екатерина.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Караганда | Новости ©️ (@vkaragande.kz)

Қыздың айтуынша, оны үйден анасымен бірге бірнеше сағатта шығарып жіберген. Жаңа үй иесі үйдегі заттардың барлығын сыртқа шығаруға асыққан, ауладағы барлық көрші Татьяна мен Екатеринаның киімдерін сақтап қалған. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін ол пәтерді төмен бағамен сатып жіберген. 

"Содан бері біз әр жерді бір паналап жүрміз. Алдымен анам арызданып жүрді, ал 18 жастан бастап өзім бастадым. 2016 жылы қала әкімінің қабылдауында болдым. Ол біреудің қателігі үшін ешкім жауап бермейтінін айтты, оның үстіне сол кезде жұмыс істеген адамдар бүгінде жұмыстан шығып кеткен екен. Бірақ мен өз дегеніме жеттім. 2017 жылы маған жеңілдік бағдарламасы бойынша жаңа тұрғын үйден баспана берілетін болып уәде етілді, ол көп ұзамай пайдалануға берілуі тиіс еді. Мен тағы бір жыл күттім. 2018 жылдың желтоқсан айында тұрғын үй қатынастары бөлімінің қызметкеріне қоңырау шалдым. Ол мені мемлекеттік қызметшімен шатастырғаны анықталды. Сол себепті мемқызметкер болмау себебінен, бағдарламадан үй ала алмайды екенмін", - дейді қыз.

Анасы үшін Екатерина ипотекаға баспана алуға дайын. Бірақ банк оны мақұлдамайды: өзі де Татьяна да ең төменгі жалақы алады екен. Сонымен қатар, олар сот процесі кезінде адвокат қызметіне ақы төлеу үшін алған несиені төлеп келеді екен. 

Бірнеше күн бұрын Екатерина тағы да тұрғын үй қатынастары бөліміне жүгінген. Оның басшысы Мұрат Камалиев Қарағанды әкімдігін сотқа беруді ұсынып, тіпті оған "заң жүзінде және практикалық көмек" көрсететінін айтып, уәде берген. 

"Менің ойымша, аудандық сот дұрыс шешім шығарған, ал облыстық сот оны қолдауға тиіс еді. Сол кезде отбасы толық емес, әйелдің қолында мүгедек бала болған, - деді ол. - Олар сотқа беріп, тұрғын үйдің орнына басқа баспана талап етуі керек, өйткені олардың жалдау шарты болған. Олар сотта жеңген кезде оларға тұрғын үй қорынан пәтер беріледі. Қай ауданнан берілетінін білмейміз, бірақ қала шетінде болады", - деді Камалиев.

Заңгерлер бұл ұсынысқа күмәнмен қарайды. Адвокат Илья Махлов Татьяна мен Екатеринаға берілген талап-арыздың мәні мен негіздемесін тағы да ойластыруға кеңес берген. "Мүмкіндіктер туралы айту әлі ерте, маған бұл мәселені талдау үшін уақыт керек. Бірақ оларды заңсыз шығарып жібергені - сөзсіз рас. Мұндай жағдайларда сот әкімдіктің кемшіліктерін тізбектеді. Бұл қателіктер үшін кінәлілер жауап беруге тиіс деп ойлаймын. Мүмкін, біз осы сәтті де көрсетеміз", - деді Илья Махлов.

© Tengrinews.kz

Автор: Земфира Мусабаева

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети