20 қыркүйек 2017 | 09:14

Қарағандыда бір топ жасөспірім 11 жасар баланы сабап тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© firenzetoday.it © firenzetoday.it

Қарағандыда бір топ жасөспірім 11 жасар баланы сабап тастаған. Баланың шешесі полициядағылардың арызды қабылдаса да әрекет етпей отырғанын айтты, - деп хабарлайды "Новый вестник".


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда бір топ жасөспірім 11 жасар баланы сабап тастаған. Баланың шешесі полициядағылардың арызды қабылдаса да әрекет етпей отырғанын айтты, - деп хабарлайды "Новый вестник".

Әйелдің айтуынша, төбелес алдында олар жанжалдасқан. Бір күн бұрын ұлы аулада футбол ойнапты. Жанында достары мен құрбылары болған. Бір уақытта шыны бөтелке сынған. Сөйтсе, оны балконнан басқа балалар лақтырған екен. Балалар осыдан кейін жанжалдасқан. 

Келесі күні шөлмек тастаған жасөспірімдер келіп, баланы аяусыз ұрып-соққан.  "Олардың ұлымды әдейі ұруға келгені белгілі, - дейді Гүлнара Мұхитдинова. - Себебі қыздар жігіттердің сөйлесіп тұрып, бірден ұлыма жабылып кеткенін айтты. Тағы бір бала болған, жасөспірімдер оны да ұрған". 

Төбелестің куәгері болған адамдар жасөспірімдердің баланың басынан тепкенін, ішінен және арқасынан соққы жасағанын айтқан. Қыздардың бірі оқиғаны видеоға түсіріп үлгерген. "Ұлымды үйге алып келгенде ол мас адам сияқты теңселіп тұрды. Төбелес кезінде талып қалып, жерде жатыпты. Альмир не болғанын да ұмытып қалыпты. Миы шайқалған, денесі көгерген. Әлі күнге емделіп жүрміз. Сараптама жасалып, диагноз қойылды. Қалалық ауруханадағылар дәрумендер берді, ақылы емханаға баруға тура келді", - дейді әйел. 

"Полицияға арыз жаздық, қабылдады, - дейді Альмирдің анасы. - Сосын куәгерлерді Полиция орталық бөліміне алып барлық. Олардан жауап алды. Қыздар түсірген видеоны да жолдады. Ал келесі күні тергеушінің істі тоқтатып тастағанын білдік. Ешқандай да тергеу шарасы жүргізілмеген. Балама жеті адам жабылған. Олардың төртеуі жайлы ғана мәлімет бар. Тергеуші телефон арқылы ештеңені де дұрыстап түсіндірмеді, бірақ олардың кәмелетке толмағаны белгілі болды. Мұның не қатысы бар? Төртеуі кәмелетке толмаса, жасырынып жүрген үшеуі үлкен болуы мүмкін ғой".

Әйел енді қылмыстық істі жандандыру үшін прокуратурадан көмек сұрап отыр және Қарағанды облыстық ІІД басшысының қабылдауына жазылыпты. Десе де, Гүлнара Мұхитдинова баласына қалта газ баллонын алып беріпті. Себебі қаскөйлер баласын әлі де төңіректеп жүрген көрінеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети