04 сәуір 2014 20:03

Қарағандыда екі оқушыны зорлаған педофилдер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет vesti.kz сайтынан алынды Сурет vesti.kz сайтынан алынды

Қарағандыда екі мектеп оқушысын зорлаған педофилдер сотталды, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты Новый Вестник газетіне сілтеме жасап. 


Қарағандыда екі мектеп оқушысын зорлаған педофилдер сотталды, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты Новый Вестник газетіне сілтеме жасап. 

Бұл оқиға 2011 жылдың мамырында Қарағанды облысының Жайрем ауылында болған еді. Үш ер адам алдымен 11 жасар қызды зорлаған. Бір аптадан кейін 8 жасар жасөспірімге айуандық әрекеттерін қайталап, қызды іш киімімен буындырып өлтірген. 2014 жылдың 4 сәуірінде Қарағандыдағы мамандандырылған аудандық сот екі педофилге қатысты қылмыстық іс қозғап, үшіншісіне іздеу жариялаған болатын. 

8 жасар жасөспірімнің өлімі ауылда үлкен жанжал туғызды. Оның ата-анасы қызын іздеп, полиция қызметкерлеріне жүгінеді. Шешесінің айтуынша, қызы көшеге қыдыруға шығып, педофилдердің қолына түсіп қалған. Жәбірленушінің денесін ауыл тұрғындары 2011 жылдың 14 маусымында қараусыз қалған 5 қабатты үйдің жертөлесінен тауып алған. Сот-медициналық сараптама қорытындысы оның зорланғанын дәлелдеп берген.  

Қарағандыдағы педофилдерге қатысты сот үкімі екі жылдан кейін бірақ шықты. Өйткені, күдіктілердің біреуі Жезқазғандағы колониядан табылып отыр. Қылмыскер Қайыржан Ешербаев қыздың өлімінен кейін ауылдың бір тұрғынын ұрып, 6 жылға сотталып кеткен екен. Ал, оның сыбайласы Бақыт Абдрахманов болса, ауылда жұмыссыз жүрген жерінен қолға түскен.   

Сот Қ.Ешербаевты 20 жылға, ал, оның сыбайласын өмір бойына бас бостандығынан айырды. Екі сотталушының жазасының екі түрлі болуының басты себебі Ешербаевтың істеген қылмысына өкінгендігіне байланысты деп отыр.  Сондықтан, прокурор оған екінші қылмыскерден аз жаза тағайындауды сұраған. Үшінші педофил әлі де іздестірілу үстінде. Ол тым алыс елдімекендерде бой тасалап жүруі мүмкін.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети