06 ақпан 2014 17:30

Қарағандыда жекеменшік түрме салынатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

"Қазақстанда жекеменшік түрме салынады" деп айтылғалы қашан. Бұл мәселе Мәжілістің жалпы отырысында бүгін тағы көтерілді", деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Депутаттар алдында үлкен дайындықпен келіп, сөз сөйлеген Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың бұл жолғы екпініне қарағанда, жекеменшік түрме құрылысы таяуда басталатын сияқты. "Біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестік ұстанымдары негізінде алғашқы колонияны Қарағанды облысында тұрғызбақпыз" деді министр. Осы орайда Үкімет көп ұзамай тендер өткізуді де жоспарлап қойса керек. Жекеменшік түрме сөз болғанда Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин: "Зауыт керек болса - Шымкент, түрме салу керек болса - Қарағанды. Бұл аймақтың "Қарлагтардан" құтылатын күні бар ма?", - деп отырғандарды бір күлдіріп алды. Мәжілістің жалпы отырысында Қылмыстық атқару Кодексінің жаңа жобасы төңірегінде көп мәселе талқыланды. Атап айтсақ, бұдан былай оқшау ортада отырғандарға туған-туыстары сәлем-сауқат жібере алмайды. Оған заңмен тыйым салынады. Себебі, салем-сауқат арқылы түзеу мекемелеріне есірткі жіберу фактілері жиілеп кетті. "Оның үстіне ҚАЖМ-лерінде сотталғандарды жақсы тамақтандырады. 2013 жылы бір сотталушыны ұстауға 603 мың теңге қарастырылса, 2014 жылы шығын 687 мың теңгеге жеткен. Ондай болса, сәлем-сауқат жіберудің еш қажеттілігі жоқ", - дейді еліміздің бас полицейі. Алайда жаза өтеушілердің түрме тамағына наразылық танытатындары жиі болып тұрады. Кімге сенеміз сонда?... Сонымен қатар, сотталғандарды үш топқа бөлу жайында сөз болды отырыста. Атап айтсақ, қатаң, қарапайым және жеңілдетілген режимде ұстау. Егер жаза өтеуші жақсы тәртібімен көзге түссе оған бірқатар жеңілдіктер көрсетілмек: туған-туыстарымен айына екі рет кездесіп, телефонмен қалаған бағытына 15 минут көлемінде қоңырау шала алады. Ал егер керісінше, тізгінге көнбегендер осындай артықшылықтардың барлығынан қағылатын болады. "Мұндай жүйе енгізуге себеп болып отырған жайғдай – сыбайлас жемқорлық", - дейді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. Айтпақшы, түрмеде отырғандарды жүріс-тұрысы мен мінез-құлқына қарай жіктеу тікелей түрме бастығының құзырында ғана болмақ. Неге тек түрме бастығы? Бұл да сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің бір амалы. Мәжіліс депутаты Әсима Бимендина: "Қылмыскерлердің жазаны өздерінің тұрғылықты жерлерінде орналасқан ҚАЖМ-лерінде өтегендері дұрыс болар еді. Түрме шалғай жерде орналасса сотталғандардың туыстарына қиындық туғызады. Бұл мәселе әлі ашық күйі тұр", - дейді. Орынды көтерілген мәселе дер едік.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети