05 сәуір 2014 13:01

Қарағандыда мандариннен уланып қалған 7 адам ауруханаға жатқызылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Қарағандыда мандариннен уланып қалған 4 ересек адам мен 3 бүлдіршін инфекциялық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды "31 арна" телеарнасы.


 Қарағандыда мандариннен уланып қалған 4 ересек адам мен 3 бүлдіршін инфекциялық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды "31 арна" телеарнасы.

Ата-аналардың сөзіне қарағанда, балалар мандаринді жегеннен кейін уланып қалған. Алайда адамдардың нақ осы жемістен уланғанын дәлелдеу оңайға түспейін деп тұр. Себебі, мамандар жемістің әлгі түрін тексеруден бас тартқан екен. «Мен анама хабарласып, әлгі мандариндерді СЭС-ке апарып, тексеруден өткізуін өтінгенімде, ондағылар жемісті қабылдамапты. Қазіргі уақытта бүлдіршін тамырға сұйықтық қабылдап жатыр. Ондағылар: «Бізге бір емес, кемі төрт дана мандарин алып келуіміз керектігін айтты», - уланып қалған бүлдіршіннің анасы Валентина Мустафина.

Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаменттегілер тексеруді ақылы жағдайға жүргізгеннің өзінде күдік тудырған жемістің кемі екі килограмм керектігін, азық-түліктерді сараптаудан өткізуге олардың құқы жоқтығын айтқан. Оның үстіне қазіргі уақытта шағын және орта бизнес субектілерін тексеруге мораторий жарияланғаны белгілі.

Медиктердің сөзіне қарағанда, адамдар мандарин құрамында пестицид мөлшерінің көп немесе ішек таяқшаларының болуынан улануы мүмкін. Ал жемістің қауіптілігін өз алдына анықтау мүмкін емес екен. Бір ескерерлігі мандаринді жегендер қышқыл дәмнің болғанын байқаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети