17 тамыз 2014 14:08

Қарағандыда мектеп-интернат ғимараты бұзыла бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектеп-интернат ғимараты. Фото nv.kz сайтынан алынды Мектеп-интернат ғимараты. Фото nv.kz сайтынан алынды

Қарағандыда құрылысына бір миллиардтан астам теңге бөлінген ғимарат қирай бастады, деп хабарлайды жергілікті портал Nv.kz.


Қарағандыда құрылысына бір миллиардтан астам теңге бөлінген ғимарат қирай бастады, деп хабарлайды жергілікті портал Nv.kz.

Қарағандыда құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернаттың құрылысы 2006 жыл басталған болатын. Бұл алып ғимаратты салуға республикалық бюджеттен сол уақытта бір миллиардтан астам теңге бөлінген. Қаржы көлемінің қомақты болғанына қарамастан бұл ғимарат әлі күнге пайдалануға берілген жоқ. Құрылыс жұмыстары аяқталуға шақ қалғанда жұмысты тоқтатып тастағандықтан ғимарат жылма жыл ескіре бастаған. Ал қазір пластик терезелері сынып, шатырдан су ағып тұр, ал көктемде жертөлеге су жиналады. Қысты күнгі сар аяздан ғимарат ішінде жасалған әрлеу жұмыстары толықтай ұсқынсыз қалыпқа енген. Атап өтейік, бұл сақалды құрылысқа айналған нысан "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы негізінде бой көтерген болатын.

Сол маңда тұратын тұрғындардың сөзіне қарағанда, түнгі уақыттарда ол жерге қаңғыбастар мен нашақорлар жиналып, от жағатын көрінеді. "Бұл мектеп 2011 жылы толықтай дайын болды десекте болғандай еді, ол кезде еденге линолеум төселіп, тоқ сымдарына дейін жүргізілген. Тіпті бір университеттің қызметкерлері келіп, терезелерді сүртіп, еденді жуып, ғимаратты толықтай жуып тазалағанын да көрдік. Алайда ол ғимаратқа сол бойда ешкім келген де жоқ, ешкімді көрген де жоқпыз", - деді жақын маңда тұратын тұрғын Бақыт Сәкенов.

Қарағанды қалалық білім беру бөліміндегілер атап өткеніндей, мектеп құрылысын толықтай бітіруге азғантай ғана қаржы жетпей қалған. "Біз ғимаратты бағалаудан өткізіп, бюджетке жолдаймыз.. Оған шамамен үш ай уақыт кетеді. Тапсырыс беруші Білім министрлігі", - деді қалалық білім беру бөліміндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети