19 мамыр 2017 08:56

Қарағандыда ішіп рөлге отырғаны үшін жазаланған шенеунік аудан әкімі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Октябрь ауданының әкімі. © КТК кадры Октябрь ауданының әкімі. © КТК кадры

Қарағандыда ішіп рөлге отырғаны үшін жазаланған шенеунік аудан әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды КТК. Бір қызығы, Әлімжан Қанаев дәл тағайындалардан бірнеше сағат бұрын осы қылығы үшін тәртіптік кеңестен қатаң сөгіс алған.


Қарағандыда ішіп рөлге отырғаны үшін жазаланған шенеунік аудан әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды КТК. Бір қызығы, Әлімжан Қанаев дәл тағайындалардан бірнеше сағат бұрын осы қылығы үшін тәртіптік кеңестен қатаң сөгіс алған.

Октябрь ауданы әкімінің 35 жастағы орынбасары ішімдік ішкен деген күдікке ілініпті. Бірақ Әлімжан Қанаев медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан. Осы үшін бұрынғы аудан әкімі орынбасарын 11 сәуірде сот 2 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырды.

Әйтсе де, осы әрекеті үшін тәртіптік кеңестен сөгіс алған Қанаев жарты күн өтпестен Октябрь ауданының әкімі болып шыға келді. Сөгіс бергендердің өзі бәрі бұлай тез болады деп ойламаса керек. Ал тасы өрге домалағыш жас әкімнің Мәжілістің экс-дептутаты Серікжан Қанаевтың ұлы екенін айта кетейік. Қазір үлкен Қанаев осындай қылық көрсеткен шенеуніктерді жазалайтын мемлекеттік қызмет агенттігі қоғамдық кеңесіне төрағалық етіп отыр. Десе де, су жаңа әкімнің енді жеке жүргізушісі мен қызметтік көлігі бар. Сондықтан ол жүргізуші куәлігінен айырылғанына қатты қынжылмаған сыңайлы.

"Сараптамадан өтуге қарсылық білдіргенімді мойындаймын. Бірақ полиция айтқанына емес, басқа сараптамаға барғым келген. Мұным қате болыпты. Заңның аты заң, хаттама толтырылды. Сөйтіп, өзімнің құқығымды қорғай алмай қалдым. Сөйтіп, әкімшілік жаза алдым", - деді Октябрь ауданының әкімі Әлімжан Қанаев (Дереккөз: КТК). 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети