1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қарағандыда таңғы уақыттан бері қар жауып жатыр

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қарағандыда таңғы уақыттан бері қатты қар жауып жатыр. Қала тұрғындары қолайсыз ауа райын әлеуметтік желілерде талқылап, 30 наурызды "58 ақпан" деп әзілдеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осылайша, дөңгелектерін ауыстырып үлгерген көлік жүргізушілері абдырып қалды.

"Майқұдықтан жұмыс жаққа қарай жарты сағат жүрдім, әдетте 15 минутта жетіп қалатынмын. Жол-апаты көбейіп кетті, абай болыңыздар. Жылдамдықты асырмаңыздар!", - деп жазған Денис Денски @denski_blog есімді тұрғын.

"Жолдарда кептеліс. Жүру мүмкін емес", - деп шағымданған такчи жүргізушісі Александр Пономоренко. 

Синоптиктердің мәліметінше, мұндай ауа райы ертеңге дейін сақталады.

 

Весна в Караганде!

Публикация от Компас - Новости-Обьявления (@gazetakompas)