05 шілде 2014 14:50

Қарағандыдағы тергеу изоляторында отырған жазасын өтеуші асылып өлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото om1.ru сайтынан алынды Фото om1.ru сайтынан алынды

Қарағандыда жазасын өтеуші тергеу изоляторында асылып өлді, деп хабарлайды NV.kz. порталы.


Қарағандыда жазасын өтеуші тергеу изоляторында асылып өлді, деп хабарлайды NV.kz. порталы.

31 жастағы ер азаматтың мәйіті тергеу изолояторында табылған. Алдын ала болжам бойынша ол өз өзіне қол салған. Айта кетейік, жазасын өтеуші билік өкіліне зорлық көрсетті деп айыпталған. Қарағандыдағы тергеу изоляторына оны транзитті айыпталушы ретін әкеліпті. Осы оқиғаға тергеу алдында тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Атап өтейік, Қарағандыдағы тергеу изоляторында мұндай оқиға алғаш рет орын алып отырған жоқ. Ағымдағы жылғы мамырда қатаң тәртіптегі колония аумағындағы мұнарадан әскери міндетті жауынгердің мәйіті табылған болатын. Алдын ала болжам бойынша, 19 жастағы жауынгер Калашников автоматымен өзінің басынан атып салған. Ол уақытта жауынгердің мәйіті қарауыл ауыспақ кезде табылған. Әскери борыш өтеуші 2013 жылы желтоқсанда Алматыдан келген екен. Алғашқы күндері ол әскери борышын өтеуге аса қызығушылық таныта қоймапты. Ал уақыт өте келе ол әскери қызметті одан әрі жалғастыруға бел буған. Марқұмның туыстары оған жауынгерлік қызметті бірге өтегендер тарапынан қысым болды деген болжам айтуда. Жауынгердің ата-анасы олардың ұлдары қайтыс болардан бірер уақыт бұрын хабарласып, 20 мың теңге мен әскери борышын өтеп біткендер тағатын сағат беріп жіберуін өтінген екен.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети