23 ақпан 2014 15:20

Қарағандылық полицей байқаусызда серіктесін жаралап алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотосурет newskaz.ru сайтынан алынды Фотосурет newskaz.ru сайтынан алынды

Қарағандылық жол-патрульдік полициясының инспекторы тапаншамен ойнап отырып, байқаусызда қасындағы серіктесін жаралап алды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан. "Белден жарақаттанған полиция сержантын біз облыстық медицина орталығына жеткіздік. Біз барғанда жарақаттанған полицей абдырап жатты", - деді Медициналық жедел жәрдем стансасындағылар. Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық прокуратурасы бұл тосын жайт әлгі жол-патрульдік экипаж бақылауындағы көшелердің бірінде болғанын растады. "Серіктесін жарақаттаған сержант өзіне тиесілі табелді тапаншаны бір қолынан екінші қолына лақтырып отырғанда байқаусызда атылып кеткен. Инспекторға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір ол қамауда отыр", - делінген прокуратура таратқан мәліметте.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети