19 сәуір 2016 17:04

Қарағандының экс-әкімі Смағұлов мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейрам Смағұлов. Коллаж © Tengrinews.kz Мейрам Смағұлов. Коллаж © Tengrinews.kz

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды. Бұл туралы Қазыбек би аудандық сотының қаулысында айтылған, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". Айта кетейік, экс-әкім жемқорлық жасағаны үшін сотталған болатын.

Құжаттағы мәліметке сүйенсек, 2016 жылдың 31 наурызында Мейрам Смағұлов сотқа мерзімінен бұрын шартты босату туралы өтініш жолдаған. Өтініште оның сот бекіткен жазаның жартысын өтегені, осы уақыт ішінде қоғамдық тәртіпті бұзбағаны айтылады.

"Смағұлов 2014 жылдың 1 қазанынан бастап жазасын өтеп жатыр. Жазаның аяқталу мерзімі - 2016 жылдың 1 қазаны", - делінген қаулыда.

Аудандық сот өтінішті қолдай отырып, Мейрам Смағұловты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы шешім қабылдады. Ол 5 ай 18 күн бақылауда болады.

Еске сала кетейік, Смағұлов 2014 жылдың 24 маусымында Қарағанды қаласының әкімі қызметінен кеткен болатын. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол жұмыстан өз еркімен кетті. Экс-әкім қаланы 2012 жылдың күзінен бері басқарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети