12 қараша 2014 20:52

Қарағандының ТЖ басқармасы тергеу изоляторын жабуды талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Фото Tengrinews.kz Фото Tengrinews.kz

Қарағанды қаласы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасы тергеу изоляторын жабуды талап етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.


Қарағанды қаласы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасы тергеу изоляторын жабуды талап етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері өрт сөндіру ережесінің сақталмауына орай тергеу изоляторы АК 159/1 мекемесін жабу туралы мамандандырылған экономикалық сотқа талап-арыз түсірген. Олардың айтуынша, мекемеде төтенше жағдай болса, мекеме қызметкерлері және онда уақытша қамауда отырған азаматтар зардап шегуі ықтимал. Сол себепті қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мекеменің №1, №2 әкімшілік корпусын, азық-түлік блогын, спорт залын, бактериологиялық зертханасын, қызметтік корпусын, шаруашылық ауласын, бұрынғы санитарлық бөлімін, жылу пешін және жеміс-жидек қоймасын жабуды талап етіп отыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінен хабарлағандай, тергеу изоляторының аталған нысандарында өрт болу қаупі өте жоғары. "Төтенше жағдай бола қалса, соның салдарынан адам шығыны болуы мүмкін. Мекеме басшылығы бұл кемшіліктерді тез арада жоюға уәде берген болатын. Алайда уәде орындалмады. Сол себепті мекемені жабуды талап етіп, сотқа арыз-талап түсірдік", - деп хабарлайды құқықтық қамтамасыз ету бөлімінен.

Алайда, егер тергеу изоляторы жабылатын болса, қамаудағыларды апаратын жер болмайтынын ескерген ТЖ басқармасы мекемеге көрсетілген кемшіліктерді жою үшін тағы да уақыт берді.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың қаңтарында аталмыш мекеменің қоймасы өртке оранған еді. Сол кезде уақытша қамауда отырған 142 адам эвакуацияланған. Адам шығыны, тұтқындардың қашу оқиғасы тіркелген жоқ.

АК 159/1 мекемесінің бастығы міндетін атқарушы Бүркіт Садықовтың хабарлауынша, қазіргі уақытта кемшіліктер жойылып жатыр. Оның айтуынша, тергеу изоляторы жабылмаған, ешкім жаппайды да.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети