01 қараша 2017 13:57

Қарашада ауа райы қалай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Синоптиктер 2017 жылы қараша айында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2017 жылы қараша айында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Жалпы, қарашада ауа-райы тұрақсыз, жиі жауын-шашынмен, тұманмен және көк-тайғақ құбылыстарымен күтіледі, соның нәтижесінде Қазақстанның көпшілік бөлігінде температуалық режим климаттық норманың шеңберінде тұрақталады, ал жауын-шашын оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, таулы және тау бөктері аудандарында нормадан көп түседі", - делінген хабарламада.

Қазақстанның батыс облыстарына Ресейдің еуропалық бөлігінен атмосфералық фронттармен бірге суық және дымқыл ауа массалары түсе бастады. Сондықтан алдағы үш тәулікте Қазақстанның көпшілік облыстарында жауын-шашын, оңтсүтікте жаңбыр және секундына 15-23 метр күшті жел күтіледі. Ауа температурасы төмендейді, бірақ әліде нормадан жоғары болады.

Бірінші онкүндікте, Қазақстан территориясына суық антициклонның басып кіруімен, ауа-райы ашылады және температураның төмендеуі күтіледі: түнде солтүстік жартыда 6-11 градусқа дейін аяз, күндіз 0-5 градусқа дейін аяз; түнде оңтүстік жартыда 2-7 градусқа дейін жылы, күндіз 9-14 градусқа дейін жылы.

Фронтальдық бөліктердің өтуінің соңынан жеке күндері тұрақсыз ауа-райы байқала-тын болады, ол кезде жылы күндер бұлтты күндерге және әсіресе суық күндерге ауысады. Әлсіз аязды ауа-райы екінші және үшінші декада аралығында ұсталып, қарашаның со-ңында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуін күтуге тура келеді: Солтүстікте, шығыста және елдің орталығында: түнде 17-22 градусқа дейін, кей жерлерде 25 градус аяз, күндіз 10-15 градусқа дейін, кей жерлерде 20 градустық аяз болады;

Батыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыста: түнде 5-10 градусқа дейін, кей жерлерде 15 градус аяз, күндіз 0-5 градусқа дейін жылы, кей жерлерде 5 градус аяз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети