23 шілде 2015 15:58

Қарғалы өзенінің суы қалыпты - Сапарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бердібек Сапарбаев. Tengrinewstv.kz  кадры Бердібек Сапарбаев. Tengrinewstv.kz кадры

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Алматыдағы селден кейін құрылған жедел штабта болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, алаңдауға себеп жоқ.


Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Алматыдағы селден кейін құрылған жедел штабта болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, алаңдауға себеп жоқ.

"Мен президентіміздің тапсырмасымен Алматыдағы селдің салдарын көруге арнайы келдім, ТЖД мен әкімдік қызметкерлері болған оқиға жайлы хабар алғаннан кейін сәйкес шараларды жүргізді. Қанша адамның, қанша техниканың жұмыс істеп жатқанын көрдіңіздер. Қазіргі уақытта 1200 адам және техниканың 160 данасы жұмылдырылды", - деді ол. Оның айтуынша, мұны табиғи апат деп бағалауға болады.

"Басты себебі - ауа райы, жылуы және мұздықтың еруі. Біз сонда болдық, қазіргі уақытта ешқандай да қатер жоқ. Біз бөгетті көрдік. Әрине, онда түнде су болды, бір жерлерде шамамен 40 мың текше метр болды, су биіктігі 12-15 метрге жетті. Бөгеттің биіктігі 28 метр, яғни бөгет төтеп берді және судың өтуін қамтамасыз етті. Қазір бөгеттен шамамен 10 текше метр су өтіп жатыр, бұл түндегіден әлдеқайда төмен. Дәрігерлердің көмегіне кішігірім жарақатымен жүгініп жатқандар бар, мұнда емдеу мекемелерінің қызметкерлері кезекшілік атқарып жатыр", - деді Сапарбаев.

Оның айтуынша, қала әкімдігіне "бірінші кезекте тазарту, суды өз арнасымен өткізу" деген тапсырма берілді. "Қазіргі уақытта қандай да бір айтарлықтай қатер жоқ. Тағы да нақтылағым келеді, бөгетте су жоқ, уайымдауға негіз жоқ", - деп аяқтады сөзін Сапарбаев.

Алматыда селден кейін төтенше жағдайдың жарияланғаны белгілі. Қала әкімі Ахметжан Есімовтің айтуынша, апат салдарын жоюға 2 миллиард теңге бөлінді. Қала басшысының тапсырмасымен зардап шеккендер уақытша баспанамен, азық-түлікпен, медициналық жәрдеммен қамтамасыз етілді.

Еске сала кетейік, Алматыда сел жергілікті уақыт бойынша сағат шамамен 03.00-де жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан қаланың үш ауданы зардап шекті - Әуезов, Наурызбай және Алатау. Селден кейін, соңғы мәліметтер бойынша, 900 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның көпшілігі Наурызбай ауданының әкімдігі мен №176 мектебіне жеткізілді. Қала басшылығы селден зардап шеккендерге көмек көрсетуге уәде берді. Алматыда жүрген селдің келтірген шығыны оның салдары жойылғаннан кейін есептеледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети