17 қаңтар 2019 17:45

Қаржы министрлігінде екі комитетке жаңа басшы тағайындалды

Tengrinews.kz фотоколлажы © primeminister.kz

ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Айдын Жұмабекұлы Ашуев Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеттің төрағасы қызметіне, Ербол Шырақбайұлы Қарашүкеев - ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Айдын Жұмабекұлы Ашуев Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеттің төрағасы қызметіне, Ербол Шырақбайұлы Қарашүкеев - ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

Айдын Ашуев 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қаржы академиясын бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары коммерциялық секторда, "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМҚК, "ҚазАгро "Ұлттық холдингі" АҚ, "ҚазАгрогарант" АҚ, ҚР Статистика агенттігінде жұмыс істеді,оның ішінде "Ақпараттық есептеу орталығы" РМК басқарды. 2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін "Амангелді Газ" ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Реклама
Реклама


Айдын Ашуев. © primeminister.kz

Ербол Қарашүкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты бітірген. Статистика агенттігінде, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, Қаржы министрлігінде, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы" РМК-да, "Қазақстанның Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі" АҚ және тағы басқа қызметтер атқарды.

2016 жылдан бастап тағайындалғанға дейін - ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып келді.


Ербол Қарашүкеев. © primeminister.kz

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram