Бұл «Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту» жобасының төртінші сабағы, бұл жобада біз инвестициялар және қаржы жөніндегі сарапшы Әсел Әуелбековамен бірге қаржылық ой-танымымызды жетілдіреміз.
Бұл материалда қаржы пирамидасының қатысушысына айналмау жолдарын айтамыз.
Бұл материалда қаржы пирамидасының қатысушысына айналмау жолдарын айтамыз.
қаржы пирамидалары — алаяқтардың тұзағынан қалай сақтану керек
Алдымен қаржы пирамидасы не екенін анықтап алайық.
Ол адамдарға оңай табыс табуды уәде етіп, ал шын мәнінде бір қатысушыға кейін қосылғандардың есебінен ақша береді. Онда бизнестің иісі де жоқ – істің бәрі жаңадан қосылып, ақша салғандардың арқасында ғана дөңгелейді.
Бұл былай жұмыс істейді:
Қаржы пирамидасының басты 3 белгісі
1-БЕЛГІ: КЕПІЛДІ ЖОҒАРЫ ТАБЫС
Егер сізге «кепілді табыс» уәде етсе, бірден секемденуге болады. Бұл пирамиданың ең айқын сипаты.
Сөздеріндегі мынадай сипаттарға мән беріңіз:
❌ ПИРАМИДалар:
– «Тәуекел» деп мүлде айтпайды
– Есесіне былай дегенді жақсы көреді:
– Есесіне былай дегенді жақсы көреді:
- «Кепіл береміз...»
- «Әлемдегі ең тұрақты бизнес-модель»
- «Бұл қызметке сұраныс деген сұмдық»
- «Күндік кіріс 1%»
- «Жылдық кіріс 300%»
Ал пирамида құрдымға жақындаған сайын, сізге уәде ететін табыс соғұрлым жоғары. Мақсаты қарапайым – кетер алдын көбірек ақша қармап қалу.
✅ Ал заңды жұмыс істейтін компанииялар былай айтады:
«Табыс табуыңыз мүмкін»
«Инвестиция тәуекелі жоғары»
«Кепілдік бере алмаймыз»
«Инвестиция тәуекелі жоғары»
«Кепілдік бере алмаймыз»
2-белгі: адам тартсаңыз үстеме төлем ТӨЛЕНЕДІ
Егер сізге артыңыздан адам ертіп келгеніңіз үшін ақша уәде етсе – бұл да қауіптің белгісі.
Ол әдетте қалай болады?
Сізге әрбір жаңа адам үшін бонус ұсынады.
- Ал бонустардың қомақтылығы сонша, адам жұмысын тастайды да, осы ұйымның «елшісіне» айналып кетеді.
Бірақ алаяқтардың қулығы да бар!
- Олардың айтатыны: «Бізде артыңыздан адам тартпай-ақ табыс табуға болады».
- Бірақ байланыс чаттары мен арналарда аяқ-асты «қосылған достар» үшін берілетін бонустар мен төлем скриншоттары пайда болады.
Ақырында салымшыларды ешкім өтінбесе де, олар өз достарын өздері шақыра бастайды.
3-белгі. лицензия жоқ
Егер компания өсімге ақша алса – оның міндетті түрде лицензиясы болу керек. Басқаша болмайды.
Бірақ пирамидаларда қалай? Олардың көбі инвестицияға ақша тарту үшін қаржы реттеушісінен лицензия алмаған.
Әдеттегі сылтаулары:
- «Біздің қызметке лицензия берілмейді»
- «Құжат тапсырып қойдық, жуырда бәрі болады»
- «Міне, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – лицензия деген осы»
- «Біз шетелде тіркелгенбіз, бізде шетелдік лицензия»
- Мүлде басқа қызмет лицензиясын көрсетеді
Лицензия болмаса → бірден ол жерден кетіңіз немесе хабарласуды доғарыңыз. Ақшаңыздан айырылу қаупі 100%-ға жуық.
Сізді ақша салуға шақырса не істеу керек?
Әдетте пирамидалар сізді асықтыруға тырысады. Мұндай кезде кідіре тұрып, ойланып алыңыз.
1. Асықпаңыз! Сізге былай дейді:
- «Бұрынғы төлемі жоғары бонуспен бүгін ғана кіруге болады»
- «Науқан аяқталғалы тұр»
- «5 орын ғана қалды»
Сонымен бірге, сізге лицензиясы бар қағаздар мен «бірегей жобаны» көрсетуі мүмкін.
Дұрысы: кідіре тұру, ойлану, тексеру.
2. ақпаратты тексеріңіз
Компания атауын іздеңіз:
+ «скам» (бұл интернет алаяқтық)
+ «пікірлер»
+ «пирамида»
+ «ақшаны есептен шешпейді»
+ «алаяқтар»
+ «пікірлер»
+ «пирамида»
+ «ақшаны есептен шешпейді»
+ «алаяқтар»
Егер сіз 30 тамаша жариялыным көріп, 1 ғана негатив байқасаңыз → тоқтаңыз! Көрген 30 пікір ақша беріп немесе пирамиданы құрушылардың өзі жазған болуы ықтимал.
Сонымен қатар, ақпаратты ресми дереккөздерден тексеріңіз.
- ҚНРДА сайтынан: Лицензиясын қараңыз және күдікті компаниялар тізімін тексеріңіз. Қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялардың тізімі міне: gov.kz
- BAIQApiramidaBOT ботынан: БСН немесе атауын тексеріңіз.
Қалай қолдану керек:
- Компания атауы немесе БСН-ді жолдаңыз
- Егер компания тізімде болса → жауап бірден келеді
- Егер атау/БСН жаңа болса → ҚНРДА қызметкерлерінің тексергенін күтіңіз
БАСТЫСЫ: Асықпаңыз, жауапты күтіңіз!
ал егер еш жерден ақпарат таппай, дегенмен, ақша салатын болып шешсеңіз:
- Компанияның құжаттарын сұраңыз
- Олардың айтқанын сыни ой елегінен өткізіңіз
- Қолайсыз сұрақтар қойыңыз
- ҚНРДА лицензиясын сұраңыз
Сыни ойды қосып, өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Неге мұндай керемет компания салымшыларға айына 30% ақы төлегенше, өзінің тамаша бизнесі үшін банктен жылдық өсімі 27% кредит ала салмайды?»
Қарапайым есеп (күрделі формуласыз түсінікті болу үшін):
- Айына 30% × 12 айға = жылына 360%
- Банк – жылына 27%.
Кәсіпкер болсаңыз 12 есе артық төлеп жүретін ба едіңіз? Жауабы анық қой.
қылмыстық жауапкершілік
Пирамида құру, оны басқару, тіпті оны жарнамалау – бұл қылмыс.
Санкция (қылмыс құрамына байланысты):
БАЗАЛЫҚ ҚҰРАМ:
Ірі айыппұл
5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу
+ Бүкіл мүлкіңіз тәркіленеді
Ірі айыппұл
5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу
+ Бүкіл мүлкіңіз тәркіленеді
СЫБАЙЛАСТАРМЕН:
7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу
+ Бүкіл мүлкіңіз тәркіленеді
7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу
+ Бүкіл мүлкіңіз тәркіленеді
ІРІ КӨЛЕМДЕГІ ЗИЯН:
12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу
+ Бүкіл мүлкіңіз тәркіленеді
12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу
+ Бүкіл мүлкіңіз тәркіленеді
Сонымен қоса, Қылмыстық кодексте жаңа бап пайда болды. Ол қаржы пирамидасын жарнамалауға тыйым салады.
Сондықтан сіз сілтемені жай ғана үйдің ортақ чатына салып жіберсеңіз немесе сториске репост жасасаңыз – мұның өзі жарнама! Мұның жазасы 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылу және мүлкіңіз түгел тәркіленеді. Сондықтан күмәнді ұсыныстарды чаттарға жіберудің қажеті жоқ.
қаржы пирамидасы екенін білмей тұрып оған өзгелерді ертіп әкелген болсаңыз қайту керек?
Шығатын жол бар. Егер шынымен ештеңе істемеген болсаңыз, онда:
1-ҚАДАМ: Дереу ең жақын Экономикалық тергеу департаментіне барыңыз
2-ҚАДАМ: Білгеніңіздің бәрін айтыңыз
3-ҚАДАМ: Ұйымдастырушыларды жазалауға жәрдемдесіңіз
4-ҚАДАМ: Егер істегеніңіз арам ойсыз жасалғанына көз жетсе → айыпталушы емес, куәгер боласыз
2-ҚАДАМ: Білгеніңіздің бәрін айтыңыз
3-ҚАДАМ: Ұйымдастырушыларды жазалауға жәрдемдесіңіз
4-ҚАДАМ: Егер істегеніңіз арам ойсыз жасалғанына көз жетсе → айыпталушы емес, куәгер боласыз
пирамидалар өздерін қалай тұмшалайды?
Бүгінде пирамидалар заманауи және әлбетте өздерін пирамида деп атамайды – нағыз бейнесін бетпердемен жасырады.
көп тараған атаулар:
Крипто-арбитраж
ИИ-трейдинг
NFT-фермалар
Инвест-клуб
Блокчейн-автоматизация
Форекс-боттар
Майнинг-пулдар
De-Fi-платформалар
Метағаламшар
Активтерді токендеу
ИИ-трейдинг
NFT-фермалар
Инвест-клуб
Блокчейн-автоматизация
Форекс-боттар
Майнинг-пулдар
De-Fi-платформалар
Метағаламшар
Активтерді токендеу
Бірақ ар жағындағысы өзгеріссіз: төлем жаңадан келушілер есебінен беріледі.
жиі кездесетін оқиғаларды талдап көрейік
Егер сізге бірдеңені көрсетіп «бәрі осылай істеп жатыр» десе – әрине бұл қойылымның бір бөлігі.
1-оқиға. «көршім байып кетті»
Иә, бірінші келген қатысушылар ақша алады – жаңадан келгендер есебінен.
Бірақ пирамида сіз салым салған күні-ақ құрдымға кетуі мүмкін.
Бірақ пирамида сіз салым салған күні-ақ құрдымға кетуі мүмкін.
2-оқиға. «төлемдерді көрсетеді»
Скриншоттар, видео, пікірлер – мұның бәрі маркетингтің бір бөлігі.
Нені көрсетпей отыр – сол маңызды. Мәселен, осыған дейін қанша адам ақшасынан айырылды.
Нені көрсетпей отыр – сол маңызды. Мәселен, осыған дейін қанша адам ақшасынан айырылды.
3-оқиға. «бүгін кіріп үлгеріңіз»
Қысымның ойынға ұқсас түрі – «бүгін соңғы күн, ертең бағасы 2 есе көтеріледі», «мұндай шарттар енді қайталанбайды», «соңғы 3 орын қалды». Асықпаңыз! Алаяқтардың көздегені де осы – сізге ойлануға уақыт бермеу!
салым жасап қойсаҢыз не істеу керек?
Егер қаржы пирамидасының арбауына түсіп қалғаныңызды түсінсеңіз, онда жедел әрекет етіңіз:
1-ҚАДАМ: қатысуды тоқтатыңыз
- Тағы да ақша салмаңыз
- Адам тартпаңыз
2-ҚАДАМ: дәлелдерді сақтаңыз
- Хат-хабарлама скриншоттары
- Келісімдер
- Ақша аударымдарының түбіртектері
- Табыс табу уәдесі
- Жарнамалық материалдар
3-ҚАДАМ: шағым ЖАСАҢЫЗ
- Экономикалық тергеу департаментіне
- ҚНРДА-ға (лицензиясыз қызмет түріне шағым)
- Полицияға (алаяқтық бойынша арыз)
4-ҚАДАМ: ақшаңызды қайтып аламын деп ойламаңыз
- Мүмкіндікті шынайы бағалаңыз
- Ақшаңыз баяғыда жоқ болған шығар
- Бірақ бәрібір арыз жазыңыз
Әдетте ақша салып қойған адамдар пирамидада екеніне соңына дейін сенбейді. Сондықтан мынадай ойлар келеді.
«Олар жарты жыл болды ақы төлеп келеді»
Иә, пирамидалар жаңа адамдар келе берсе, жылдап жұмыс істей алады. Бірақ бұл сенімділік белгісі емес. Жаңа адамдар болмай қалғанда → әп сәтте күйрейді.
Иә, пирамидалар жаңа адамдар келе берсе, жылдап жұмыс істей алады. Бірақ бұл сенімділік белгісі емес. Жаңа адамдар болмай қалғанда → әп сәтте күйрейді.
«Олардың әдемі кеңсесі мен сайттары бар»
Кеңсе мен сайтты бір айда жасауға болады. Бұл заңдылық көрсеткіші емес. ҚНРДА лицензиясы барын тексеріңіз.
Кеңсе мен сайтты бір айда жасауға болады. Бұл заңдылық көрсеткіші емес. ҚНРДА лицензиясы барын тексеріңіз.
«Менің досым ақшасын шығарып алды»
Иә, алғашқы салымшылар шынымен төлем алады (жаңадан қосылғандар есебінен). Бұл тасы өрге домалап жатқандай көрініс береді. Ал аяғында көбі ақшасынан айырылады.
Иә, алғашқы салымшылар шынымен төлем алады (жаңадан қосылғандар есебінен). Бұл тасы өрге домалап жатқандай көрініс береді. Ал аяғында көбі ақшасынан айырылады.
«Олар бұл пирамида емес деді»
Ал сіз олар бірден мойындай қояды деп ойладыңыз ба? Пирамиданың бәрі солай айтады. Сөзге сенбей, нақты көрсеткіштерге қараңыз: лицензия, шынайы табыс, бизнес-модельдің айшықтығы.
Ал сіз олар бірден мойындай қояды деп ойладыңыз ба? Пирамиданың бәрі солай айтады. Сөзге сенбей, нақты көрсеткіштерге қараңыз: лицензия, шынайы табыс, бизнес-модельдің айшықтығы.
«Кіріп табыс тауып, бірден шығып кетуге болады?»
Жоқ. Сіз пирамида қашан күйрейтінін білмейсіз. Сіз салым салған күннің ертеңіне құрдымға кетуі мүмкін.
Жоқ. Сіз пирамида қашан күйрейтінін білмейсіз. Сіз салым салған күннің ертеңіне құрдымға кетуі мүмкін.
АҚШАҢЫЗДЫ САҚТАҢЫЗ! Жылдам әрі оңай олжалы боласыз дегенге алданбаңыз.
Барлық пирамиданың соңы бір.
Мұны неғұрлым ертерек түсінгенде – ақшадан айырылу қаупі де соғұрлым төмен болады
Барлық пирамиданың соңы бір.
Мұны неғұрлым ертерек түсінгенде – ақшадан айырылу қаупі де соғұрлым төмен болады
Тест
Біліміңізді тексеріңіз
Пирамиданың негзігі белгісі қандай?
Егер сізді ақша салуға асықтырып, бүгін үлгеру керек деп қысым жасайтын болса, не істеу керек?
Неліктен артыңыздан адам тартуға бонус беру – қызыл белгі?
Жобаның заңды көрінгісі келетінін қалай білуге болады?
Пирамиданы ұйымдастыру/жарнамалау үшін қандай жауапкершілік көзделген?
🔴 Төмен нәтиже
Ақшаны оңға да, солға да шашпаңыз. Сабақты тағы бір көріп шығыңыз, пирамиданың белгісі қандай екенін және одан өзіңізді қалай қорғау керегін біліп алыңыз - ақшаңыз қауіпсіздікте болсын.
🟠 Орташа нәтиже
Жаман емес! Сіз пирамиданы танып-біле бастадыңыз, дегенмен, білімдіңізді тағы жетілдіре түсу керек.
🟠 Орташа нәтиже
Жаман емес! Сіз пирамиданы танып-біле бастадыңыз, дегенмен, білімдіңізді тағы жетілдіре түсу керек.
🟢 Жоғары нәтиже
Пирамиданы қалай тану керегін толық игеріпсіз және инвестиция әлемінде қауіпсіз жолды таба аласыз. Осы бетіңізден қайтпаңыз!
©TengriNews 2025
Жоба ҚНРДА
қолдауымен жасалды
қолдауымен жасалды