29 сәуір 2014 19:26

Қаржы полициясы Атыраудағы полицейдің өлімі бойынша қызметтік тергеу жүргізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Ярослав Радловский Фото ©Ярослав Радловский

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Атырау облысы Исатай ауданы ішкі істер бөлімінің басшысы Алтынбек Құбайдуллиннің ісі бойынша қызметтік тексеру жүргізуде. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қаржы полициясы айтып берді.


Экономикалық қылмысқа және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Атырау облысы Исатай ауданы ішкі істер бөлімінің басшысы Алтынбек Құбайдуллиннің ісі бойынша қызметтік тексеру жүргізуде. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қаржы полициясы айтып берді.

"Қаржы полициясы агенттігінің ішкі қауіпсіздік басқармасы Атырау облысы Исатай ауданы ішкі істер бөлімінің басшысы Алтынбек Құбайдуллиннің қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты қызметтік тексеру жүргізіп жатыр", - деп жауап берген қаржы полициясы Tengrinews.kz сауалына.

Тексерудің қорытындысы жұртшылыққа жеткізілетіні айтылуда. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Атырауда Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Алтынбек Құбайдуллиннің өлімі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Олар - заңсыз ұстау дерегі және 102-бап бойынша - өзін-өзі өлтіруге итермелеу.

Еске салайық, 21 сәуірде Атырауда қаржы полицейлері Құбайдуллинді 250 мың теңге және үш келі қара уылдырық түрінде пара алып жатқан жерінде ұстаған еді. Қаржы полициясының мәліметінше, аудандық полиция бөлімінің бастығы бұл сыйақы үшін браконьерлердің әрекетін бүркемелемек болған.

28 сәуір күні полиция майоры Атыраудағы Гурьевской көшесіндегі құрылыс нысандарының бірінде асылған күйі табылды.

Ал ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қаржы полициясының ішкі істер министрлігіне берген ақпаратында полицейді емханада күзетшімен бірге қалдырғанын айтады. Бірақ, ол белгісіз түрде емханадан шығып кеткен. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети