23 қаңтар 2014 11:45

Қаржы полициясы пара алған ревизорларды ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қаржы полициясы Алматы облысы бойынша ревизиялық комиссияның бөлім бастығы мен бас бақылаушысын мектеп директорларынан пара алғаны үшін ұстады деп хабарлайды Tengrinews.kz. ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдымен комиссияның бас маманы - бас бақылаушы-ревизор Н.Ахметов ұсталған. "Ол Іле ауданындағы бес мектептің директорынан білім мекемелеріне жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша оң қорытынды шығару үшін 1 млн 800 мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталып отыр", - делінген хабарламада. 16 қаңтарда Ахметовке қатысты кепілдік түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Ревизиялық комиссия мамандары параны жиі алып отырған. Ахметовтен соң комиссияның бөлім бастығы С.Батырбаев парамен қолға түсті. "Ол Енбекшіқазак ауданындағы Маловодный елді мекенінде Островский атындағы орта мектептің директорынан актіні жағымды жазу үшін 450 мың теңге параны бопсалау жолымен алды деп айыпталуда", - делінген қаржы полициясының баспасөз хабарламасында. Батырбаев сот санкциясымен қамауға алынып, тергеу амалдары басталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети