1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қаржы вице-министрі Астананың жаңа әкімі Сұлтанов жайлы пікір білдірді13 қыркүйек 2018, 17:50

Бақыт Сұлтанов. Бақыт Сұлтанов.

Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев Астана қаласының жаңа әкімі болып тағайындалған бұрынғы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ол үшін қуанғаным сөзсіз. Ол ұзақ жыл бойы менің бастығым болды, өте жақсы жұмыс істедік. Менің ойымша, бұл ол үшін лайықты жұмыс. Бұл сенімділік пен жауапкершіліктің белгісі", - деді Бекетаев журналистерге мәжілістен тыс уақытта.

Руслан Бекетаевтың айтуынша, ол Бақыт Сұлтановты күшті менеджер және жарқын тұлға деп санайды. 

"Көп жылдар бірге жұмыс істегендіктен, ол әкім қызметінде өзін лайықты көрсетеді деп сенемін", - деп қосты Бекетаев. 

Саясаттанушы биліктегі тағайындауларға қатысты пікір білдірді.

"Қаржы министрлігі - жеткілікті түрде үлкен орган, шаруашылық міндеттері көп. Мемлекеттік мүлік комитеті бар. Бақыт Тұрлыханұлының артында үлкен тәжірибе жатыр және бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын, ", - деді вице-министр.


Руслан Бекетаев.

Еске сала кетейік, Қазақстанның бұрынғы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.

Бұрынғы Астана әкімі Әсет Исекешев Президент Әкімшілігінің басшысы болды. Әділбек Жақсыбеков қызметтен кетті.