08 наурыз 2014 15:23

Қаржыны талан-таражыға салған директор қызметтен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазалыдағы психикалық жүйке аурулар интернаты. Сурет әкімшіліктің сайтынан алынды Қазалыдағы психикалық жүйке аурулар интернаты. Сурет әкімшіліктің сайтынан алынды

Қызылорда облысында қамқорлыққа алынған балалардың қаржысын дұрыс бағытта жұмсамаған директор қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты, Қазалы аудандық сотына сілтеме жасап. Қазалыдағы психикалық жүйке аурулар интернатын тексеру нәтижесінде директордың қамқоршылар мен мүгедектердің зейнетақы төлемдерін мақсатсыз және заңсыз пайдаланып келгені анықталған. Ол қосымша тамақ, бірінші кезектегі қажет заттарды, жұмсақ және қатты керек-жарақтарды сатып алу үшін бір кәсіпорынмен заңсыз келісім-шартқа отырған. "2013 жылдың ақпан айында осы мақсатқа жұмсау үшін 2,3 миллион теңге бөлінген. Бірақ, осы жылдың мамыр мен қыркүйек айларының арасында аталмыш кәсіпорынның шотына 10 миллион теңге аударылған" дейді прокуратура өкілі. Олар тауарды сатып аларда мүгедектердің қажеттілігін ескермеген. Тіпті, мемлекет тарапынан бөлінген заттарды да сатып алған. "Аудандық прокуратураның тексеру қорытындысы нәтижесінде, орын алған заңсыздықтар жайлы облыс басқармасының жетекшілеріне мәлімделіп, заңды өрескел бұзған психикалық жүйке аурулар интернатының директоры лауазымынан босатылды" дейді аудандық прокуратура өкілдері. Сондай-ақ, барлық материалдар қаржы полициясының тексеруіне жіберілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети