05 тамыз 2016 11:24

Кәрім Мәсімов Ақмола облысына барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Twitter.com/KarimMassimov © Twitter.com/KarimMassimov

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша аймақтың жай-күйімен танысып, өзекті мәселелері мен проблемаларын талқылау үшін ел премьер-министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша аймақтың жай-күйімен танысып, өзекті мәселелері мен проблемаларын талқылау үшін ел премьер-министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министрдің кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, жастармен және педагогикалық қауыммен кездесулері жоспарланған.

Жұмыс сапары "Степногор Еуропалық подшипник корпорациясы" АҚ-ын аралаудан басталады. Зауытта ТМД елдерінің теміржол көліктеріне арналған подшипниктер өндіріледі, әрі ол қаладағы негізгі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Өндіріс орны аймақтың индустриалдық картасына енгізілген.      

Кәсіпорын жұмысымен танысқан соң Мәсімов жастармен кездеседі. Кездесу барысында өзекті проблемалар, атап айтқанда, жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Сонымен қатар, білім беру саласындағы проблемаларды талқылау үшін ұстаздар қауымымен жүздесуі жоспарланған. 

Премьер-министр "Есіл-Агро" ЖШС сүт-тауар фермасы мен алқаптарын аралап көреді. Аймақтағы АӨК өкілдерімен Астана маңында азық-түлік белдеуін дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өткізілу мәселелерін талқылайды.

Ақмола облысына жұмыс сапары кезінде Кәрім Мәсімовтің Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізеді. Негізгі аспектілер ретінде ЭКСПО-2017 қарсаңында курорттағы сервис саласы мен инфрақұрылымды жақсартуға көңіл бөлінбек. Кеңеске туристік қауымдастықтар мен туроператорлар, ҰКП өкілдері қатысады деп күтілуде.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети