Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Кәрім Мәсімов әрбір қазақстандыққа тегін 10 сотық жер беру мәселесіне қатысты пікірін айтты

17 Маусым 2016, 11:49
3

Кәрім Мәсімов әрбір қазақстандыққа 10 сотық тегін жер беру мәселесіне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Мәжілісте Парламент палаталарының біріккен отырысы өтті.

Отырыс барысында депутаттар үкімет мүшелеріне сұрақ қойды. Нақтырақ айтқанда Мәжіліс депутаты Өтемісов антидағдарыс бағдарламаның дамуына байланысты үкіметтің ендігі шаралары қандай екенін сұрады. 

"Бірнеше маңызды жағдай бар, соған назар аударғымыз келеді. Экономиканың өсуіне қарқын беретіндердің бірі тұрғын үй құрылысының көбеюі мәселесі. Бұл бағдарламадағы жаңа бағыттардың бірі - жеке тұрғын үй құрылысы үшін облыс әкімдіктері арқылы инфрақұрылым жүргізу", - деді үкімет басшысы.

Кәрім Мәсімов соңғы уақытта жер мәселесіне қатысты пікірталастың көп екені жайлы айтты. "Инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 10 сотық жер бөлу осы жағдайды шешуге жағымды өзгерістер әкеледі деп есептейміз. Сондықтан ресурстардың бір бөлігі жеке тұрғын үй құрылысының инфрақұрылымына бағытталады", - деп мәлімдеді премьер-министр.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай