Кәрім Мәсімов "Бәйтерек" холдингінің директорлар кеңесін басқарады

23 Сәуір 2014, 11:57
0
Кәрім Мәсімов "Бәйтерек" холдингінің директорлар кеңесін басқарады - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ
"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Кәрім Мәсімов тағайындалды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі №329 қаулысына сәйкес "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ директорлар кеңесінде өзгерістер орын алды. Келісім бойынша директорлар кеңесінің төрағасы болып ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов тағайындалды", - делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Бұған дейін холдингтің директорлар кеңесінің төрағасы экс-премьер Серік Ахметов болған еді. Алайда оның 2 сәуірде отставкаға кетуіне байланысты Кәрім Мәсімов тағайындалып отыр.

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай