10 сәуір 2014 17:52

Кәрім Мәсімов қоғамдық тәртіпті сақтауға арналған шараға оң баға берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tengrinews.kz ©tengrinews.kz

Премьер-министр Кәрім Мәсімов ішкі істер және басқа мемлекеттік органдардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған оқу-жаттығуларына оң баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған оқу-жаттығулар бүгін Алматыда, сондай-ақ республиканың 12 қаласында өткен болатын. Оған ішкі істер, төтенше жағдайлар және тағы басқа бірқатар мемлекеттік органдар қатысты. "Шараның негізгі мақсаты орындалды. Мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимылдары, полицейлер мен апаттық-құтқару қызметтерінің техникалық дайындығы, сондай-ақ белгілі бір уақыт ішінде арнайы күштер мен құрал-жабдықтарды қайта құру қызметі тексерілді", - делінген ресми хабарламада.   

Айта кетейік, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қаумтамасыз етуге арналған республикалық оқу-жаттығуларға Президент көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров жетекшілік етті. Премьер-министр Кәрім Мәсімов оның барлығын бақылап отырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети