Кәрім Мәсімов ҚР Антитеррористік орталығының отырысын өткізді

31 Мамыр 2017, 13:12
0
Кәрім Мәсімов ҚР Антитеррористік орталығының отырысын өткізді -

30 мамырда Астана қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығының кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Отырыс барысында консультативті-кеңес органы аясында деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар қаралды. Мемлекеттік органдардың терроризм актісінің салдарларын жоюға және барынша азайтуға әзірлік мәселелері талқыланды", - делінген хабарламада

АТО отырысының қорытындылары бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай