1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Қарыз - 70 миллиард теңге". ШҚО дәрігерлері пандемияға байланысты үстемақы алмағанын айтты 04 сәуір 2021, 18:14

ШҚО-да жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері жеті айдан аса уақыт бойы тиісті үстемеақысын ала алмай келе жатқанын мәлімдеді,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

ШҚО-да жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері жеті айдан аса уақыт бойы тиісті үстемеақысын ала алмай келе жатқанын мәлімдеді, қарыз сомасы - шамамен 70 миллиард теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме коронавируспен күресу кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің жалақысына қосылатын үстемеақы туралы болып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың 4 сәуірінде вирус жұқтырудың үш қауіпті тобын анықтады: өте жоғары, жоғары және орташа. Соңғы екеуіне дәрігерлер, фельдшерлер, жедел медициналық жәрдем бригадаларының жүргізушілері жатады.

"2020 жылдың тамызынан бастап ШҚО жедел медициналық жәрдем станциясының жұмысшыларына үстемақы бұйрықты өрескел бұза отырып төленеді, атап айтқанда - есептеулер тек КВИ белгіленген диагноздар бойынша жүргізілді, ал шақыруларды қабылдаған фельдшерлерге бір жыл бойы төленбеді", - дейді Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Елена Сухова.

Адвокаттың айтуынша, ол бұл мәселе бойынша ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп жатыр. Бірақ ШҚО денсаулық сақтау басқармасына жолданған көптеген хаттың ешқайсына жауап келмеген.

"Пандемия басталған кезде медицина қызметкерлеріне адамдарды ынталандыру үшін осы үстемақылар енгізілді. Олардың вирус жұқтыру қаупі жоғары. Үстемеақы "ынталандыру" деп аталады. Бұйрық бүкіл республика бойынша жарамды - белгіленген алгоритмге сәйкес, дәрігерлер үстемақы алады. Шығыс Қазақстанда тамыздан бастап неліктен бұйрық орындалмағаны түсініксіз", - дейді Елена Сухова.

Фельдшерлердің айтуынша, ӘМСҚ мен жедел медициналық жәрдем станциясының әкімшілігі үстемеақыны есептеу кезінде бригада барған науқаста коронавирус немесе вирус белгілері бар пневмония болды ма, жоқ па, соған қарайды. Вирус болмаса, төлем де болмайды.

Осыған ұқсас мәселелер Семейдегі жедел медициналық жәрдем станциясында, Өскемендегі ауруханалардың бірінде де болған. Бірақ онда медициналық мекемелердің басшылығы ұжымды қолдап, үстемақы төлеген. Өскемендегі жедел медициналық жәрдем станциясында 400-ге жуық қызметкер құқығы үшін күресіп жатыр.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!