22 қараша 2017 11:09

"Қарыз бердіңіздер ме, қайтара білу керек" - Нығматулиннің қаржы министріне айтқаны

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа өзге елдердің Қазақстанға қарызын қайтаруға қатысты дауларды жылдамырақ реттеуді назарға алуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа өзге елдердің Қазақстанға қарызын қайтаруға қатысты дауларды жылдамырақ реттеуді назарға алуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жалпы отырыс кезінде депутат Ирина Унжакова Грузия Қазақстанға 1993 жылдан бері қарызын бермей келе жатқаны туралы айтты. 

"Серіктестермен бұл мәселені реттей алғанымыз жақсы, бірақ, бұл өзіңе демалыс жариялауға себеп емес. Өйткені тағы бірнеше елмен қарыз бойынша шешілмеген мәселелер бар", - деді Нығматулин қаржы министріне. 

Мәжіліс спикері елімізге қарыздарды қайтару жұмысы созылып кеткеніне қарамастан, оны нәтижелі ету үшін өзге де қарыз елдермен келіссөздер жүргізу керектігін атап айтты. 

Сонымен қатар, ол осы тектес келісімдерге қол қоярдан бұрын Қазақстан мүддесін қорғайтын барлық заңгерлік сараптаманы жүргізу керектігін айтты. Нығматулин қайтарылған қарыз бюджетті толтыру керектігін атап өтті. 

"Қарыз бердіңіздер ме, қайтара білу керек - жұмыс осындай қағидамен жүргізілуі қажет", - деді Нығматулин. 

Еске салайық, Нұрлан Нығматулин жүрегіне жасалған операциядан кейін алғаш рет Мәжіліс отырысын өткізіп отыр. Депутаттар Парламент палатасының төрағасын ду қол шапалақпен қарсы алды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети