Қасақана өрт қойғаны үшін 7 жыл берілуі мүмкін

17 Наурыз 2014, 13:17
0
Қасақана өрт қойғаны үшін 7 жыл берілуі мүмкін - Фото thenews.kz сайтынан
Фото thenews.kz сайтынан
Бүгін Бас прокуратураның өрт қауіпсіздігіне арналған үйлестіру кеңесінде ішкі істер министрлігі қасақана өрт қойғаны үшін бас бостандығынан айыру жазасын 4 жылдан 7 жылға дейін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер вице-министрі Ерлік Кененбаевтың айтуынша, осы шара арқылы өрт оқиғаларының біршама азаюына әсер етуге болады. "Біздіңше, Қылмыстық кодекстің 2-бабы, 187-тармағы - "қасақана өрт қойғаны" үшін бас бостандығынан айыру жазасын 7 жылға дейін қарастыру қажет. Сол кезде аталған әрекеттер ауыр қылмыстар санатына жатқызылып, түбегейлі тергелетін болады", - дейді Е.Кененбаев.

Айта кеткен жөн, Бас прокуратураның бастамасымен Қылмыстық кодекстің жаңа нұсқасы Парламент қарауына енгізілген болатын. Оған сәйкес, қасақана өрт қойғаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Ал Австралия, АҚШ сияқты елдерде 15 жылға дейін соттайды.

Бүгінгі кеңесте бас прокурор Асхат Дауылбаев вице-министрдің ұсынысын қолдады. "Мен бұл бастаманы толығымен қолдаймын. Әсіресе, бұл мәселе базарларда қасақана өрт қою оқиғалары аясында өзекті болып тұр", - деді А.Дауылбаев. Осыған орай, ол Парламентте Қылмыстық кодекстің жаңа нұсқасына жауапты өз орынбасары Иоганн Меркельге ол ұсыныстарды тиісті жұмыс тобына енгізуді тапсырды.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай