Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қашаған құбырларын зерттеу жұмыстары аяқталуға жақын

07 Сәуір 2014, 11:23
0
Фото news.rambler.ru сайтынан
Фото news.rambler.ru сайтынан

Қашаған кен орнының суасты құбыр жүйесін зерттеу жұмыстары ағымдағы жылы сәуір айында аяқталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалинге сілтеме жасап. 

"Сәуір айында суасты құбырларының 25 учаскесінде зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Соның қорытындысы бойынша соңғы бақылау өткізілмек. Негізі, бұл жұмыстар бір күн немесе бір сағат бұрын емес, тұрақты түрде жалғасып келеді", - деді министр бүгін Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында.

Оның айтуынша, Қашаған кен орнындағы шикізат қоры нақтыланды. Кешеннің өзі ойдағыдай жұмыс істеп жатыр. "Құбыр жүйесіндегі кейбір ақаулықтар Қашағанның жалпы жұмысына әсер етпеуі тиіс. Оның барлығын жан-жақты пысықтап, келесі жолы қайталанбайтындай жасау қажет. Бізе асығуға болмайды", - деп атап көрсетті министр.

Айта кетейік, Қашағандағы мұнай-газды өндіру жұмысы өткен жылы қыркүйек айында басталған болатын. Алайда кейбір құбырлар қысымға шыдай алмай, сөгіле бастады. Бас кезінде аталған ақаулық жойылды. Бірақ кейін оның барлығы қайталанды. Содан құбыр бөліктерін Ұлыбританияның арнайы зертханасына жіберуге шешім қабылданды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай