Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қашағанды игерудің бұрынғы жүйесі тым қымбат болды - Қарабалин

27 Мамыр 2014, 17:45
0
©tengrinews.kz
©tengrinews.kz

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин Қашаған кен орнында жаңа операторды құрудың негізгі себептерін атап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, өткен жылы Президенттің қатысуымен Қашаған кен орнында мұнай мен газ өндіру жұмысы басталған болатын. Алайда көп ұзамай, ол жұмыс тоқтады. Себебі газ жүйесінде ақау табылды. Біраздан соң, оны қайтадан іске қосты. Бірақ бір айға жетпей, газ құбырларынан тағы бір ақау шықты. Содан Қашаған жобасы тек екі жылдан кейін ғана іске қосылады деген ақпарат тараған. Өйткені барлық газ құбырларын ауыстыру қажет. Бертін келе, Қашаған жобасының операторы - Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В. (North Caspian Operating Company B.V.) басшысы Пьер Оффан отставкаға кетті. Сосын Қашағанды игеру бойынша жаңа бірлескен компания құрылады деген мәлімдеме жасалды. Оны мұнай және газ министрі деп растап отыр.

"Біздің де, мердігерлердің де (бұрынғы оператордың құрамына кірген компаниялар - авт.) осы уақытқа дейін болған ұйымдастыру жүйесіне көңіліміз толмады. Ол тым қымбатқа түсті. Ал, ең бастысы, шешімді қабылдау және тағы басқа ұйымдастыру жұмыстары ұзақ жүргізілді. Себебі иерархиясы күрделі болды. Содан шешімдер де ұзаққа созылды. Қазір жағдай басқаша. Компаниялар арасындағы байланыстар жаңа форматта жүргізіле бастады", - дейді Ұ.Қарабалин.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қашағанда жаңа оператор өз жұмысын бастайды. Қазіргі кезде компанияның бас директоры да тағайындалды.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай