21 қыркүйек 2015 11:48

Қашып кеткен Travelsystem басшысының қазақстандық туристерге қанша қарыз екені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж © Tengrinews.kz Коллаж © Tengrinews.kz

Travelsystem туроператорының қашып кеткен иесі Қазақстанға оралды және ол жаңа фирма ашып үлгерген, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан турагенттіктері қауымдастығының президенті Әсел Нүркебаева айтып берді.


Travelsystem туроператорының қашып кеткен иесі Қазақстанға оралды және ол жаңа фирма ашып үлгерген, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан турагенттіктері қауымдастығының президенті Әсел Нүркебаева айтып берді.

Оның айтуынша, Роман Хан Чехиядан ұшып келіп, полицияға өз еркімен берілген. "Одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Ол зардап шеккендердің барлығына шығынның орнын өтеп беруді уәде етті. Оның көлемі - 5 миллион доллар. Ал полицияға арызданғандардың жалпы сомасы 12 миллион долларға жеткен. Қазір туристердің қалғаны құқық қорғау органдарына арызданып жатыр. Сонымен қатар, Роман Хан жаңадан "Бонтон Трэвел" фирмасын тіркеп үлгерді", - деп хабарлады Нүркебаева. 

Айта кетейік, Travelsystem туроператоры банкрот болды. Осыдан кейін фирманың иесіне халыаралық іздеу жарияланды. Tengri Travelsystem директоры Роман Ханға қатысты "Алаяқтық" бабымен қылмыстық іс қозғалды, бұл бап бойынша ол жеті жылға дейін сотталып, мүлкі тәркіленуі мүмкін. Сонымен қатар, белгілі бір қызметпен айналысуға немесе лауазымда болуға өмір бақи тыйым салынуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети