Каспийдегі балықтар қатты ыстықтан қырылуы мүмкін

26 Тамыз 2014, 11:38
0
Каспийдегі балықтар қатты ыстықтан қырылуы мүмкін - ©da-voda.com
©da-voda.com
Каспийдегі балықтар қатты ыстықтан қырылуы мүмкін - ©"Лада"
©"Лада"

Қатты ыстық Каспийде балықтардың қырылуына себеп болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Каспий теңізінің Маңғыстау облысындағы айдынында балықтардың қырылуы жиілеп кетуіне байланысты облыстың табиғатты қорғау мамандандырылған прокуратурасы өкілетті мемлекеттік орган өкілдерімен бірге шұғыл кеңес өткізді. Онда өкілетті мемлекеттік орган қызметкерлерінен балық ресурстары қырылуының себептері мен ауқымын анықтайтын арнайы топ құру туралы шешім қабылданды.

"Бұған қоса, өкілетті мемлекеттік орган өкілдері балықтардың қырылуына су мен қоршаған ортаның температуралық режимінің шамадан тыс жоғарылауы себеп болуы мүмкін деген алдын ала болжам айтты", - делінген прокуратураның хабарламасында.

Облыс прокуратурасы зиянды заттарды анықтау мақсатында қоршаған ортадан, өлі және тірі балықтардан сынамалар алу туралы талапты бағыттады. Зерттеудің нәтижесі бойынша мамандар қысқа мерзім ішінде қоршаған ортада ластаушы заттардың бар-жоғы туралы қорытынды жасауы тиіс.

Еске сала кетейік, бұған дейін тікенді балықтардың Каспий жағалауына шығып қалып жатқаны хабарланған болатын.  


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай