28 мамыр 2019 | 15:56

Кәсіпкер Ақтөбе қаласының 150 жылдығына жерасты жолын тарту етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе қаласында TransMostGroup ЖШС басшысы Төлеген Таңатаров өз қаржысынан қаланың мерейтойына үлкен сыйлық жасады, деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе қаласында TransMostGroup ЖШС басшысы Төлеген Таңатаров өз қаржысынан қаланың мерейтойына үлкен сыйлық жасады, деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".

Жерасты жолының ашылуына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы арнайы қатысып, жомарт кәсіпкерге алғысын білдірді. Барша тұрғындарды қаланың гүлденуіне атсалысуға шақырды. Ұзындығы 23 метр, ені 4 метр, биіктігі 2,5 метрді құрайтын жерасты жолының жалпы құны шамамен 60 миллион теңгені құрайды. Қалада жол оқиғасы көп тіркелетін Некрасов және Шығанақ Берсиев көшелері қилысында орналасқан нысан бір айдың ішінде толықтай салынып біткен.

"Жоба біздің компанияның жұмысы. Ылғи осы көшемен өткен кезде неге жерсаты жолын салмасқа деген ой келетін. Бұл жерде 3-4 оқушы қаза тапты, жол көлік оқиғасы көп тіркеледі. Қала әкіміне өтініш білдіріп едім, олар қолдады. Барлығына 60 миллион теңгедей қаражат кетті. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге өз компаниямның жұмысшылары мен арнаулы техникалары пайдаланылды. Бұл менің сүйікті қалама деген сыйлығым", - дейді "TransMostGroup" құрылыс компаниясының бас директоры Төлеген Таңатаров.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети