© facebook.com/KudaibergenKairat
Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Құдайберген Алматы мәслихатының депутаты болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Құдайберген Алматы мәслихатының депутаты болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қалалық сайлау комиссиясының мәліметінше, Құдайберген № 24 округінің депутаты болып сайланды. Сонымен қатар, Ерболат Қасымов № 12 округінің депутаты болды.
2018 жылы 25 наурызда мәслихат депутаттығынан шығып қалғандардың орнына депутат сайлауы болды.
Қайрат Құдайберген - кәсіпкер, құрылыс холдингінің директоры.
Ерболат Қасымов - ҚР Президентінің "Қазақстан-2050" стратегиясын қолдау" қоғамдық қорының президенті.